О внесении дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 апреля 1993 года № 256 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi № 256 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.2000 № 1063 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының паспорт жүйесiн одан әрi жетiлдiру, жеке басты куәландыратын құжаттардың қолдан жасалуынан қорғалынуын арттыру және оларды iшкi iстер органдарының беруiн реттеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 256 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ережеге /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-құжат/ мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке бас куәлiгiн жоғалтқанда немесе ол пайдалануға жарамсыз болып қалғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан адамдарға, олар жаңа құжаттар алғанға дейiн, уақытша жеке бас куәлiгi берiледi".
9-тармақтың соңғы абзацы нүктеден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын:
"Паспорттың қолданылу мерзiмi, ол туралы төлқұжаттың 30 бетiнде тиiстi жазба жасалып, алты айға бiр рет ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi бiр ай мерзiмде уақытша жеке бас куәлiгiнiң үлгiсiн әзiрлеп, бекiтсiн, оның дайындалуын өзiнiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн. Азаматтардан алынатын уақытша жеке бас куәлiктерiнiң құны, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке бас куәлiктерiнiң құнымен тең белгiленсiн.