О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 1996 года № 148 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 10.07.2003 № 685 қаулысымен.
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттiк пакетi бар акционерлiк қоғамдардың қызметiн басқаруға контрактi жүйесiн енгiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 40-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (оның iшiнде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсiпорынның қызметкерлерiне жалақыны уақытылы төлеуге";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Басшы осы контрактi бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады";
23-тармақтың қазақша мәтiнi дұрыс;
26-тармақтағы "қылмыстық" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
31-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"кәсiпорынның басшысы еңбек туралы заңдарда белгiленген тәртiптi сақтай отырып осы контрактiде көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Жалдаушының бастамашылығы бойынша";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылып, 32-тармақ болып есептелсiн:
"32. Жалдаушы:
жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге және Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаны дұрыс ресiмдеуге;
жұмыстан босатылатын Басшыға еңбек кiтапшасын босатылған күнi беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуге;
контракт тоқтатылған кезде 31-тармақтың үшiншi абзацында көзделген тоқтатылу жағдайларынан басқа, белгiленген мөлшерде шығу жәрдемақысын төлеуге";
32-35-тармақтар 33-36-тармақтар болып есептелсiн.
📌 Ескерту. 1-тармағының 17-24 абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.09.1999 № 1504 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары осы қаулыға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын жалдау туралы жасалған келiсiм-шарттарға өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.09.1999 № 1504 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк органдардың басшыларына бұрын банкрот деп танылған кәсiпорындардың басшыларымен жалдау келiсiм-шарттарын жасаспау ұсынылысын.