О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 5 апреля 1996 г. № 60 «О неотложных мерах по переходу на новую систему оплаты за жилищно-коммунальные услуги» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1297 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.01.2005 № 24 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1297 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төлеудің жана жүйесіне көшу жөніндегі шұғыл шаралар туралы» облыс әкімінің 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 60 шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: шешімнің атауында және 4,5,6 пункттерінде «Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін», «тұрғын үй-коммуналдық қызметтері» деген сөздер «коммуналдық қызметтерін», «коммуналдық қызметтер» сөздерімен ауыстырылсын; 4 пункттің екінші абзацында: «өтемдік шаралармен» деген сөздерден кейін «бірақ іс жүзінде тұратын жалпы алаңнан және үйді ұстауға, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын шығындар нормативінен аспайтын» сөздерімен толықтырылсын; «және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерін» деген сөздер алып тасталсын; мына мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: «тұрғын үйлік жәрдемақы қызметтерінің есептеріне қабылданатын тұрғын үйді ұстау шығындарының көлемін облыс әкімі белгілейді; жоғарыда аталған қаулымен бекітілген табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін төлеуге тұрғын үйлік жәрдемақы беру тәртібі туралы уақытша ережеде: атауындағы және 1,2,8,15,17 пункттердегі «тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін», «тұрғын үй-коммуналдық қызметтер» сөздері «коммуналдық қызметтерін», «коммуналдық қызметтер» сөздерімен ауыстырылсын; 2 пункттің бірінші абзацыңда «өтеу шараларымен» сөздерінен кейін «бірақ іс жүзінде тұратын жалпы алаңнан аспайтын» сөздерімен толықтырылсын; «және нормативтерінің» сөздерінен кейін «тұратын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды» сөздерімен толықтырылсын; «тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тұтыну» сөздері алып тасталсын; 3 пункттің екінші сөйлемі мынадай редакцияда мазмұндалсын: «тұрғын үйлік жәрдемақы қызметтерін есептеріне қабылданатын тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар көлемін және коммуналдық қызметтерді /сумен, газбен қамту, канализация, электрмен, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифт қызметі/ тұтыну нормативтерін облыс әкімі белгілейді». 6 пункттің екінші абзацы: «жұмыспен қамту қызметінде» сөздерінен кейін «жұмыссыздар ретінде» сөздерімен толықтырылсын: «жасындағы» сөздерінен кейін «3 жасқа дейін, сондай-ақ төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған – ең кіші бала бірінші класс бітіргенге дейін /бірақ, 9 жастан аспаған/» сөздерімен толықтырылсын; «14 жасқа дейін» деген сөздер алып тасталсын; 8 пунктте: екінші сөйлем былай мазмұндалсын: «Тұрғын үйлік жәрдемақы көлемі тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін іс жүзінде есептелген сома мөлшерінен аспауы тиіс»; мынадай абзацтармен толықтырылсын: «тұрғын үйлік жәрдемақы ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді». Тұрғын үйлік жәрдемақы тізімі Қазақстанның Ұлттық банкісімен, келісе отырып, Қаржы Министрлігі бекітетін екінші деңгейдегі банкілер /бүдан әрі-сәйкес банкілер/ арқылы бұл мақсаттарға тұрғын үйлік жәрдемақы қызметтеріне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы есебінен азаматтардың салымдар бойынша шоттарына аудару жолымен төленетін болып белгіленсін. Тұрғын үйлік жәрдемақыны төлеу тәртібі мен шарттары тұрғын үйлік жәрдемақы қызметтері мен сәйкес банкілер арасында жасалған агенттік келісімдермен белгіленеді. Қазақстан Республикасының сәйкес банкілер филиалдары жоқ елді мекендерінде көрсетілген жәрдемақылар агенттік келісімдер негізінде тұрғын үйлік жәрдемақы қызметтері белгілеген органдар арқылы жүзеге асырылады"; 10 пункттің екінші абзацында: «тұрғын үй-коммуналдық қызметтері» сөздері «коммуналдық қызметтері» сөздерімен ауыстырылсын; 19 пункт мына редакцияда мазмұндалсын: - «19. Табысы аз азаматтарға тұрғын үйлік жәрдемақы беруге кететін шығындардың орнын толтыру тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі белгілейді»; аталған қаулымен бекітілген тұрғын үйлік жәрдемақы қызметі туралы үлгілік ережеде: 6-7 пункттердегі «тұрғын үй-коммуналдық қызметтер» деген сөздер «коммуналдық қызметтер» сөздерімен ауыстырылсын.