О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 1998 года N 1243 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 3-тармақтың үшінші абзацындағы "1999 жылдың желтоқсанында" деген сөздерден кейін "2000 жылдың желтоқсанында" деген сөздермен толықтырылсын. осы қаулыға 1-қосымшада: "Бір жылға арналған квотаның көлемі" деген бағандағы "Бір жылға арналған" деген сөздер "2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша" деген сөздермен және "8000" деген сан "3000" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.