О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 5 июня 1998 года N 5 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Тармақ 2
Тармақ 3
Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ "Ақпараттық технологияларды 2000 жылға сәйкес келтіру проблемасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 563 нөмірмен тіркелген "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
"2. Тіркеушілерге мынадай техникалық-технологиялық талаптар белгіленсін:
Тармақша 1
1) 2000 жылы проблемалардың туындауының алдын алатын және оның туындалуы мүмкін салдарларын төмендететін ақпараттық технологияларды пайдалану;
Тармақша 2
2) сыртқы электр көздерін пайдаланусыз, оның ішінде электрмен жұмыс істейтін құралдар мен приборларды пайдаланусыз толық қағаз технология бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық ресурстардың болуы;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу және сақтау жүйелерімен бағалы қағаздар ұстаушылардың кемінде 5.000.000 (бес миллион) жеке шоттарын ұстап тұру;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздар ұстаушыларының барлық тізілімде бір бағалы қағаздар ұстаушыға арналған бір жеке шот ашуға негізделген бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу технологиясын пайдалану.";
Тармақша 2
2) 3-тармақта ", бағдарламалық-технологиялық кешендер" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 3
3) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 3-1
"3-1. Тіркеушілер өз қызметтерін (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін ішкі құжаттарды қоса):
Тармақша 1
1) осы Қаулының 2-тармағынның 1) және 2) тармақшаларының талаптарына 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде;
Тармақша 2
2) осы Қаулының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына 2000 жылғы 01 көкекке дейінгі мерзімде сәйкес келтіруге міндеттелсін.".
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.