О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 1998 годя № 1243 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.27. N 1404 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: қаулының кіріспесі мен көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалардың атауындағы "кеден аумағына", "кеден аумағынан" деген сөздер тиісінше "аумағына", "аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелуге квоталарды бөлуді және лицензия беруді қамтамасыз етсін; 1999 жылғы шілде мен желтоқсанда жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуді уақытша шектеудің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін."; көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Бір жылға арналған квотаның мөлшері" деген бағандағы "5000" деген сан "8000" деген санмен ауыстырылсын;" "Тауардың атауы" деген бағандағы "Ұшқыннан оталатын ішкі жану поршеньді двигательдеріне арналған бөлшектер; басқа бөлшектер" деген сөздер "Ұшқыннан оталатын ішкі жану поршеньді двигательдеріне арналған поршеньдер, цилиндрлердің гильзалары, поршень шығыршықтары*" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде тауардың квоталанатын тауарлардың тізбесіне тиесілігі СЭҚ ТН кодымен де, оның атауымен де айқындалады.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.