О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года N 206 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5
наурыздағы N 206
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
1999 ж., N 7, 57-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақтағы "төрт" деген сөзден кейін ", оның ішінде бір бірінші"
деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі