О внесении изменений в решение Акима области от 5 марта 1999 года N 654 "О межведомственной комиссии по контролю за оптовой торговлей" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Көтерме саудаға бақылау жасау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 654 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен. Семей және Өскемен қалаларының басшылығында болған өзгерiстердi, облысты басқарудағы құрылымдық өзгерiстердi ескерiп, сондай-ақ "Көтерме саудаға бақылау жасау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 654 шешiмнiң 3-тармағында биржалық тауарларды әкелу, өткiзу, сақтау және пайдалану тәртiбi белгiленуiне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Көтерме саудаға бақылау жасау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 654 шешiмiнiң N 1 қосымшасындағы 3,4,5 тармақтардағы "Лукин Александр Александрович", "Шәйжүнiсов Маркен Жақияұлы", "Шманов Нұрлан Тастанбекұлы" сөздерi тиiсiнше "Сухорукова Вера Николаевна", "Омаров Нұрлан Срайылұлы", "Аханаев Орман Құрманғалиұлы сөздерiмен ауыстырылсын; 11-тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "11. Плотников Сергей Викторович - энергетика, индустрия, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық басқармасының бастығы"; 13-тармақта "Облыстық ауылшаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң аумақтық басқармасының бастығы" сөздерiмен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. "Көтерме саудаға бақылау жасау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы" 1999 жылғы 5 наурыздағы N 654 шешiмiне N 2 қосымшаның II тарауының 3-тармағы, IV тарауының 1-тармағы, V тарауының 2-тармағы бұзылсын.