О признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 1999 года N 89 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы N 89 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның үшінші мәжілісінің хаттамалық шешімін орындау үшін, Өзбекстан Республикасымен сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы N 89 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 3, 24-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстан тарабының қабылдайтын шаралары туралы Өзбекстан Республикасын белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді.