О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1999 года № 206 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 P990206_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "Өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi комитет", "Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегі комитет" және "Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi" деген сөздер алынып тасталсын; 6-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы бiрыңғай аумақтық органдары болады."; 9-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16)-тармақшалармен толықтырылсын: "14) астық пен оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын бақылауды, сондай-ақ олардың мониторингiн жүргiзудi жүзеге асырады; 15) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделейдi және оны село тауар өндiрушiлерiнiң назарына жеткiзедi; 16) агроөнеркәсiптiк кешен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеру және қайтару жөнiндегi қызметiн бақылауды жүзеге асырады және үйлестiредi"; 10-тармақта: 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "5) ауыл шаруашылығы өндiрiсi саласында тiкелей айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi реформалауға және заңдарға сәйкес оларды қаржылық сауықтыруға әдiстемелiк басшылық жасау;" "8) мал дәрiгерлiгі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсiру, тұқым өсiру саласында, сондай-ақ астықты, оны қайта өңдеу өнiмдерiн сақтаудың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және олардың мониторингiн жүргiзу"; мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: "9) iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны село тауар өндiрушiлерiнің назарына жеткiзу; 10) аргоөнеркәсiптiк кешендегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджеттiк несиелер мен үкiметтiк және үкiмет кепiлдiк берген сыртқы заемдарды игеруi және қайтаруы жөнiндегi қызметiн бақылау және үйлестiру"; 18-тармақта: 1) және 2) тармақшалар "және аумақтық органдары басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және аумақтық органдардың басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) Министрлiк пен оның аумақтық органдарының құрылымын, орталық аппараттың штат кестесiн, Министрлiктiң заңды тұлғалар болып табылмайтын құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi"; 19-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.