О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2000 года N 1809 и от 7 марта 2003 года N 226 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 және 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 226 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
Тармақша 2
2) тармақшадағы "Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің" деген сөздер "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 42, 49-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасының және 4-1-тармағының қолданылуы 2004 жылғы 24 қарашадан бастап қайта қалпына келтірілсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы N 1809 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 536-құжат) 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.