О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2000 года N 841 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 292-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
"76 Алюминий және одан 15, бiрақ 1 тонна
жасалған бұйымдар үшiн 100 ЕВРО-дан
кем емес"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"76 Алюминий және одан 15, бiрақ 1 тонна
жасалған бұйымдар үшiн 100 ЕВРО-дан
кем емес
мынадан басқа:
7601 20 100 0-ден Алюмо-бериллий лигатурасы 0".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн Қазақстан Республикасының Үкiметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы белгiленген тәртіппен хабардар етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.