О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2000 г. № 175 «Об утверждении плана мероприятий по реализации Программы развития сельскохозяйственного производства на 2000-2002 года» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 ақпан 2000 жылғы 175 санды «Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына жүзеге асыру туралы Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 5 ақпан 2000 жылғы 175 санды қаулысына сәйкес жасақталған облыс ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (жал¬анады).
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкімдері, облыс әкімінің осы шешімін жүзеге асыру мақсатында нақты шаралар жасақтайтын болсын.
Тармақ 3
3. Қала, аудан әкімдері тоқсанына бір рет облыс әкімшілігіне іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 20 наурыздағы № 401 шешiмiмен бекiтiлген Облыс ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы р/с Іс-шаралардың атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 1 2 3 4 5 1. Әрбір ауданда машина-техникалық стансаларын құру. Оларда жоғары өнімді техникалармен жабдықталған механикаландырылған отрядтар құрып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге техникаларды жалға беру, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Атқарылған жұмыстың көлемі бойынша ақпарат беру 2000-2001 ж.ж. Қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 2. Лизингтік негізде МТС, ауылшаруашылығы құрылымдарындағы машина-трактор паркін 15 жаңа трактор алу арқылы жаңарту іске асырылсын, оның ішінде: Құрманғазы ауданына – 5, Индер ауданына – 3, Махамбет ауданына – 5, Қызылқоға ауданына – 2 берілсін. Орындалу барысы туралы ақпарат 2000-2001 ж.ж. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, ауылшаруашылығы қаржылай қорғау фондасының облыстық филиалы 3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сапалы өндеуге шағын кәсіпорындар, азық-түлік сауда, өткізу, жабдықтау жүйелерінің селодағы нарықтық инфрақұрылымдарын дамытуға ықпал жасау. Жүргізілген жұмыс туралы ақпарат беру Ұдайы Қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті ауруларымен, зиянды арамшөптермен, шегірткемен зақымданған егістік, шабындық, жайылым жер көлемін барынша тазарту жұмыстарын кеңінен жүргізу, оған қажетті техника сатып алу. Жүргізілген жұмыс туралы ақпарат беру Ұдайы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ауыл шаруашылығы Министрлігінің аймақтық басқармасы 5. Аудандарда және селолық округтерде ауыл шаруашылығы малдары бруцелезі мен туберкулезі ауруларымен күрес жүргізудің малдәрігерлік шараларымен санитарлық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын жасақтау. Орындалысы туралы ақпарат 2000 ж. мамырдың 1-не дейін Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аймақтық басқармасы 6. Облыстағы барлық құрылымдардағы меншік түріне қарамастан малдың бруцеллезі және туберкулезә ауруларына уақытында диагностикалық зерттеулер жүргізу. Махамбет ауданы «Ақжайық» өндірістік кооперативіндегі түйе малын бруцеллез ауруынан тазарту. Істелген жұмыс туралы ақпарат беру Ұдайы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аймақтық басқармасы, облыстық малдәрігерлік лабораториясы 7. Ауылдық округтерде жергілікті бюджеттердің есебінен малдәрігерлік инспекторлармен жасақтау, облыстық барлық аумағындағы індеттік жағдайда тиісті бақылауды және жоспарлы мал дәрігерлік алдын алу шараларын толық орындауды қамтамасыз ету. Істелген жұмыс туралы ақпарат беру 2000-2002 ж.ж. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ауыл шаруашылығы Министрлігінің аймақтық басқармасы 8. Заңды құқы бар ауыл шаруашылығы құрылымдарын 1999 жылғы жұмыс қортындысымен қаржылықжағдайы тұрақты және өзінің өтемдерін өтеуге толық қаблеті бар құрылымдарды анықтау және олардың бюджетке қарызын 3 жыл мерзімге кейінге қалдыру. Салық комитеттерінің бюджетке бережақты кейінге қалдыру туралы реестері 2000 ж. 15 сәуірге дейін Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, Атырау облыстық салық комитеті 9. Жаңадан салынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен жұмыс істеп тұрғандарды сауықтыру және техникалық қайта жарықтандыру арқылы дайын өнімдердің ассортиментін көбейту және сапасын арттыру. Істелген жұмыстар бойынша ақпарат беру Ұдайы Қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 10. Атырау қаласының барлық малдәрігерлік-санитарлық талапқа сәйкес халықаралық стандартқа сай өнім шығаратын орталықтандырылған шұжық цехы бар мал сою пунктін салу. Мал сою цехын іске қосу актісі 2000-2001 ж.ж. Атырау қаласының әкімі, облыстық сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялық саясат басқармасы 11. Атырау қаласы іргесіндегі аймақтарда бұрынғы сүт өндіретін фермаларды іске қосу және жаңадан сүт өндіру фермаларын құру арқылы сүт өндіретін база жасақтау Жүргізілген жұмыс бойынша ақпарат 2000-2002 ж.ж. Қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 12. Мал азықтық шөптерді егу және табиғи жайылымдықтардың мелиоративтік жағдайын жақсарту арқылы жемшөп қорын нығайтудың шараларын жасақтап, жүзеге асыру. Істелген жұмыстар бойынша ақпарат беру Ұдайы Қала, аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Атыраусушар» су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттің кәсіпорны 13. Атырау қаласы және Мақат, Жылыой, Исатай аудандарындағы мұнайшылар поселкелері қасынан шұбат өндіретін түйе фермаларын құру. Істелген жұмыс бойынша ақпарат беру 2000-2001 ж.ж. Қала, аудан әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 14. Атырау қаласы, Махамбет, Исатай аудандарында мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру Істелген жұмыс бойынша ақпарат беру 2000 ж. Селолық округтер әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, мал тұқымын асылдандыру «Атырау» АҚ-ы. 15. Атырау қаласы маңынан жылына 80 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын салу Құс фабрикасын іске қосу 2000 ж. Қала әкімі, облыстық сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялық саясат басқармасы 16. Мал өсірумен айналысатын меншіктің барлық түрлерінде селекциялық асылдандыру жұмыстарын жетілдіре отырып қолда бар асыл тұқымды малдардың генофондыларын сақтау және олардың санын тұрақтандыру. Махамбет ауданы «Первомай» акционерлік қоғамында сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі ферммасын құру. Істелген жұмыс туралы ақпарат беру Ұдайы Атырау ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, мал тұқымын асылдандыру «Атырау» акционерлік қоғамы, облыстық ауылшаруашылығыбасқармасы 17. Ауыл шаруашылығы өнімдерін аукцион, сауда базарлары арқылы сатуды ұйымдастыру. Жүргізілген жұмыс туралы ақпарат беру Ұдайы Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 18. Әрбір ауданда тиісті техникалық құралдармен жабдықталған маркетингілік қызметін құру. Істелген жұмыстар жөнінде мәлімдеме беру 2000-2001 ж.ж. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы 19. Ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің базарларда сатылу бағалары нарқын және қалыптасқан тиімділігін талдау негізінде облыс ауыл шаруашылығы өндірісінің 2000-2002 жылдарға аймақтық даму бағдарламасын жасақтау. Аймақтық бағдарламаны бекіту 2000 жылдың 1 наурызына дейін Облыстық экономика және облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары 20. Сауда-саттық мекемелеріне шалғай аудандар тұрғындарынан сатып алған ауыл шаруашылығы өнімдеріне төленетін салық төлемдеріне жеңілдіктер беру жөнінде республика Үкіметі алдына өтінішпен шығу. Республика Үкіметіне хат дайындау 2000 жылдың 1-сәуіріне дейін Облыстық салық комитеті, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы 21. Ауылдық елді мекендерде әрбір иегерге шартты жер үлестерін заттық дербестендіруді және жер шаруашылық жағынан орналастыруды аяқтау. Істелген жұмыс жөнінде ақпарат беру 2000-2001 ж.ж. Облыстық жер ресурстары комитеті 22. Барлық иегерлерді бөлінген жер үлестері учаскелерінің, олардың орналасу кестесі көрсетілген куәліктермен қамтамасыз ету. Істелген жұмыстар туралы мәлімдеме беру 2000-2001 ж.ж. Облыстық жер ресурстары комитеті