О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 апреля 2001 года N 173 "Об утверждении списков аудиторских организаций и кредитных рейтинговых агентств", зарегистрированного в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 мая 2001 года N 1492 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 болып тіркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Артур Андерсен" ЖАҚ 1999 жылғы 21 қазандағы МФЮ сериялы N0000002 лицензиясының күшін тоқтату туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 272 бұйрығын орындау үшін бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 2001 жылғы N 25 санында жарияланған "Аудиторлық ұйымдардың және несиелік рейтингтік агенттіктердің тізімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 5 сәуірдегі N 173 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген аудиторлық ұйымдардың тізімінде 1-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.