О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 апреля 2001 года N 173 "Об утверждении списков аудиторских организаций и кредитных рейтинговых агентств", зарегистрированный за N 1492 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы Бухгалтерлiк есеп және аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша ұйымдардың жыл сайынғы аудитiн тиiмдi жүргiзу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдары нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 25, "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 2 мамырда N 1492 тiркелген "Аудиторлық ұйымдардың және несиелiк рейтингтiк агенттiктердiң тiзiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2001 жылғы N 173 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 6 қарашадағы N 396 бұйрығымен өзгерiстер енгiзiлген) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген аудиторлық ұйымдардың тiзiмiнде: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "6. "BDO Қазақстан аудит" Алматы қаласы лицензиясының жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi сериясы МФЮ N 0000276".
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк есеп және аудит департаментi:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап он күндiк мерзiмде осы бұйрықтың ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық pecми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.