О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Инструкции об организации экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан" от 5 сентября 2001 года N 343 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ескерту: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына сәйкес 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаулының күші жойылады (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) . Экспорт-импорт валюта бақылауының автоматтандырылуын сапалы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) "Банктік сервис бюросы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (Шәймергенова Б.Ш.) бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін валюталық бақылау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді қамтамасыз етсін және оны 2002 жылғы 1 шілдеде өндірістік пайдалануға енгізсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін. Келісілді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 2002 жылғы 3 қаңтар