О внесении изменений и дополнений в постановление акиматаМангистауской области от 5 марта 2002 года N 6 "О социальной защите ветеранов Великой Отечественной войны, инвалидов Чернобыльской АЭС и одиноких инвалидов, нуждающихся в постороннем уходе" Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 5 наурыздағы N 36 "Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-iнiң мүгедектерiн және басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қaзақстан Республикасының "Қaзақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ ҚРЗ Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет басқармасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 2/6-910 хаты негізінде, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 5 наурыздағы N 36 "Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-iнiң мүгедектерiн және басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" қаулысына (Әділет басқармасында 2002 жылғы 3 сәуірде N 792 тіркеу жүргізілген) мынадай мазмұндағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының орыс тілдегі мәтінінде 2-тармақтағы "Положение" деген сөз "Правила" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2 Қосымшада:
орыс тілдегі мәтінінде қосымша тақырыбындағы "Положение" деген сөз "Правила" деген сөзбен ауыстырылсын және "жәрдемақысына" деген сөзден кейін "күтімі үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тілдегі мәтінінде бірінші абзацтағы "Настоящее положение определяет" деген сөздер "настоящие Правила определяют" деген сөздермен ауыстырылсын және "жәрдемақысына" деген сөзден кейін "күтімі үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "Жалғызілікті" деген сөздің алдынан "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын" деген сөздерімен толықтырылып басталсын;
12-тармақтың орыс тілдегі мәтінінде 1)-тармақшасындағы "данного Положения" деген сөздер "данных Правил" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "бір жылдан аспайтын мерзімге" деген сөздер "үш жылдан көп емес мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын, осы тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 224 "Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 5 наурыздағы N 36 "Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-iнiң мүгедектерiн және басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" қаулысына (Әділет басқармасында 2002 жылғы 3 сәуірде N 792 тіркеу жүргізілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.