О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 5 августа 2002 года N 917 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 138-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
Тармақ 1
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитеті туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 26, 273-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн: жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Басқа 0. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 1570 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң (бұдан әрі - Есеп комитетi) мәртебесiн, өкiлеттіктерiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау;
Тармақша 3
3) республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын бақылау;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген займдардың, мемлекет мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерiнiң нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуына бақылау болып табылады.
Тармақ 3
3. Есеп комитетi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi, белгіленген үлгiдегi бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Есеп комитетiнiң құқықтық ережесi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 5
5. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7) тармақшасына және 57-бабының 1) тармақшасына сәйкес қалыптасады.
Тармақ 6
6. Есеп комитетiнiң құрылымын Есеп комитетiнiң Төрағасы, Есеп комитетiнiң мүшелерi мен аппараты құрайды.
Тармақ 7
7. Есеп комитетiнiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Есеп комитетiнiң функциялары
2. Есеп комитетiнiң функциялары
Тармақ 8
8. Есеп комитетi:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттiң орындалуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау кезiнде бюджет бағдарламаларының тиiмдiлiгiне бағалауды жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 3
3) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп мемлекеттiк қаржы бақылау стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мыналарға: республикалық бюджет қаражатының тиiмдi пайдаланылуына; республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң толықтылығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету жөнiнде мемлекеттiк органдар мен барлық меншiк нысанындағы ұйымдардың қызметiне, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен түсiмдер сомаларының қайтарылуына; бюджет инвестицияларына; төтенше мемлекеттiк бюджеттің атқарылуына; мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнiң республикалық бюджет түсiмдерi мен шығыстары атқарылуының сәйкестiлiгiне, қаржы есептiлігіне және тиiмдiлiгіне; бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентiне Есеп комитетiнiң жұмысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады;
Тармақша 6
6) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылаудың талдауына, қорытындылары мен нәтижелерiне, салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдер түсiмдерiнiң толықтылығы мен уақтылылығына, бюджет қаражатының нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларды орындайды;
Тармақша 7
7) өзiнiң мазмұны жағынан республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есебi бойынша қорытынды болып табылатын және оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады;
Тармақша 8
8) iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ұсынған республикалық бюджеттің атқарылуына жасалған бақылау актiлерiн талдайды және республикалық бюджеттiң атқарылуына iшкi бақылаудың тиiмділiгін арттыру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметіне, тиiсті iшкi бақылау қызметтерiне ұсынымдар бередi;
Тармақша 9
9) республикалық бюджет қаражатын пайдалану мәселелерi бойынша мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарының iс-әрекетiндегi қылмыстың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың белгілерi, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдарға бередi;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк бюджет саясатын iске асыруға қатысады;
Тармақша 11
11) сыртқы бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн көтерудi және оларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 12
12) өз өкілеттіктерінің шегiнде бюджет қаражатын игерудiң барлық кезеңдерiнде бюджет қаражатын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың, қаржы қызметтерiн, оның iшiнде азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiндегi қаржы қызметтерiн көрсететiн адамдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атқарылуының тиiмділігi мен нәтижелілiгiне баға бередi;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламалардың iске асырылуының тиiмдiлігіне баға бередi;
Тармақша 15
15) республикалық бюджеттiң атқарылуына ықпал ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы бойынша ұсынымдар әзiрлейдi және енгiзедi;
Тармақша 16
16) республикалық бюджет қаражатының толық түсуіне және жұмсалуына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, мемлекеттiк органдардан, басқа да мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және (немесе) қаржы нарығын peттeу және қадағалау жөнiндегi уәкілеттi органнан және қаржы ұйымдарынан қажеттi құжаттама мен ақпаратты сұратады және оларды алады;
Тармақша 17
17) республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелерi бойынша мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерінің лауазымды адамдарының есебiн тыңдайды;
Тармақша 18
18) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актiлердiң талаптарын мемлекеттiк қаржы бақылау объектілерiнiң лауазымды адамдарының сақтамауы жөнінде анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыным бередi;
Тармақша 19
19) мемлекеттік органдардан және мемлекеттiк қаржы бақылау объектілерiнен республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi өзi белгілеген мерзiмде алады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және басқа да нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес, республикалық бюджет қаражатының нысаналы, негiздi және тиiмдi пайдаланылмауын анықтау және оған жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
Тармақша 21
21) республикалық бюджеттiң атқарылуы, байланысқан гранттарды тарту мен оларды пайдалану мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, қызмет бабындағы, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады;
Тармақша 22
22) республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге мемлекеттік органдардың тиiстi мамандарын және қажет болған жағдайда республикалық бюджеттен осы мақсатқа бөлiнген қаражаттар шегiнде қызметтерiне ақы төлей отырып, аудиторлық ұйымдардың мамандары мен сарапшыларды тартады;
Тармақша 23
23) шетел мемлекеттерiнiң қаржы бақылау органдарымен және олардың халықаралық бiрлестiктерiмен байланыс жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен олармен ықпалдастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасады және халықаралық ұйымдардың құрамына кiредi;
Тармақша 24
24) мемлекеттiк құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өзiнiң қызметi туралы ақпаратты ұдайы ұсынып отырады;
Тармақша 25
25) өзi қабылдаған актiлердiң мерзiмдi жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар мен басқа да басылымдар шығарады.
Тарау 3. 3. Есеп комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
3. Есеп комитетiнiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Есеп комитетiне Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайтын Төраға басшылық етедi.
Тармақ 10
10. Есеп комитетінiң Төрағасы:
Тармақша 1
1) Есеп комитетiнiң қызметiне басшылық етедi, өзiне жүктелген тапсырмалар мен мiндеттемелердiң орындалуына Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) Есеп комитетiнiң жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
Тармақша 3
3) Есеп комитетiнiң лауазымды адамдарының арасындағы мiндеттердi бөледi, Есеп комитетi мүшелерiнiң және оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, олардың орындалуын тексередi, Есеп комитетiнiң отырыстарында қабылданған қаулылар мен өзге де актiлерге қол қояды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Есеп комитетiнің жалпы штат саны және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Eceп комитетi аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекiтедi;
Тармақша 6
6) жұмыс учаскелерін, талдау және бақылау объектілерінің тiзбесiн бекiтедi;
Тармақша 7
7) Есеп комитетiнiң жылдық жұмыс жоспары шеңберiнде жүзеге асырылатын бақылау іс-шараларының жоспарларын бекiтедi, тексерулердiң кезеңділiгi мен ұзақтығын айқындайды;
Тармақша 8
8) Есеп комитетiнің мүшелеріне тексеру жүргізуге тапсырмалар бередi;
Тармақша 9
9) Есеп комитетi қызметінің регламентiн бекiтедi;
Тармақша 10
10) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 11
11) республикалық және шетел ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарда Есеп комитетінің атынан өкілдiк етедi;
Тармақша 12
12) Есеп комитетi Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесшi және консультативтiк-сараптамалық органдар құрады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы Үкiметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы;
Тармақша 14
14) республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергiсiз танысады;
Тармақша 15
15) бақылау объектілерiнен бақылау iс-шараларын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өзі белгiлеген мерзiмде алады;
Тармақша 16
16) заңдарда көзделген жауапкершілiкте болады;
Тармақша 17
17) осы Ереженiң 17-тармағында көзделген негiздемелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi тағайындаған Есеп комитетi мүшесiнiң өкiлеттіктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс бередi;
Тармақша 18
18) өзі болмаған жағдайда Есеп комитетi Төрағасының мiндетiн Есеп комитетi мүшелерiнің бiрiне жүктейдi;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Есеп комитетiнiң мүшелерi:
Тармақша 1
1) өз өкілеттiктерiн жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды, тексерілетiн бақылау объектілерiнiң жұмыс iстеуiне кедергі жасамауы және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауы қажет;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары алқасының отырыстарына қатысуға хақылы;
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау мәселелерiне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялардың сақталуын ескере отырып, кедергісiз қол жеткiзе алады;
Тармақша 4
4) бақылау объектiлерiнен бақылау жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етедi және өздерi белгілеген мерзiмдерде алады;
Тармақша 5
5) өз құзыретi шегiнде өздерi жетекшiлiк ететiн қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз бетiнше шешiм қабылдайды;
Тармақша 6
6) бақылауды тиiмдi ұйымдастыру үшiн қажеттi ресурстардың көлемiн анықтай отырып, өз құзыретi шегiнде тексеру бағдарламаларын бекiтедi;
Тармақша 7
7) Есеп комитетi аппаратының қызметкерлерiне тексерулер жүргізуге тапсырмалар бередi;
Тармақша 8
8) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылауды қамтамасыз ететiн бақылау-ревизиялық, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметтердi ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Өз өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн Есеп комитетiнiң Төрағасы және мүшелерi:
Тармақша 1
1) өзiнiң мазмұны жөнiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiнiң қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржылық жыл үшiн республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне жылдық есеп жасайды;
Тармақша 2
2) бақылау нәтижелерi бойынша актiлердi қабылдайды;
Тармақша 3
3) бақылау актiлерi негiзiнде тексеру нәтижелерi туралы қорытындылар жасайды;
Тармақша 4
4) Есеп комитетiнiң қаулыларын қабылдайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды адамдарға республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы, құқық қорғау органдарына - Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жауапкершiлiкке тарту мәселелерi бойынша ұсынымдар жолдайды.
Тармақ 13
13. Анықталған кемшiлiктердi жою, мемлекетке келтiрiлген залалдың орнын толтыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшыларына жiберiлген Есеп комитетiнiң қаулылары мен ұсынымдары оларда белгілеген мерзiмдерде немесе, егер мерзiмi көрсетiлмеген болса, оларды алған күннен бастап жиырма күн iшiнде қаралуға тиiс.
Тармақ 14
14. Тиiстi мемлекеттік орган және ұйым қаулы мен ұсыным бойынша қабылданған шешім туралы және оны iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Есеп комитетін дереу хабардар етедi.
Тармақ 15
15. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiне Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын, белгіленген үлгiдегі куәлiктер берiледi.
Тармақ 16
16. Республика Президентi тағайындаған Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiктерi Республика Президентінің шешiмiмен тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Есеп комитетiнiң Төрағасы мен мүшелері:
Тармақша 1
1) орнынан түсуiнiң қабылдануы;
Тармақша 2
2) оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшіне енуi;
Тармақша 3
3) белгiленген тәртiппен iс-әрекет қабiлетi шектеулі немесе іс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы;
Тармақша 4
4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және осы Ереженi бұзуы, өздерiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын әрекеттерге баруы;
Тармақша 5
5) қайтыс болуы себептi, сондай-ақ хабарсыз кеткен немесе дүние салған деп танылған жағдайда мерзiмiнен бұрын қызметiнен босатылуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Аппарат қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметтi өткеру жағдайлары мемлекеттiк қызмет туралы, еңбек туралы заңнамамен, осы Ережемен және өзге де нормативтік құқықтық актiлермен айқындалады.
Тармақ 19
19. Есеп комитетiнiң төрағасы Есеп комитетiнiң құзыреті шегiнде бақылау іс-шараларын жүргiзуге қатысуға хақылы Есеп комитетi аппараты қызметкерлерiнiң шеңберiн айқындайды.
Тармақ 20
20. Есеп комитетiнiң отырыстарында Есеп комитетiнiң жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерi, бақылау iс-шараларының нәтижелерi, Есеп комитетiнiң Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Парламентiне, мемлекеттiк органдардың басшыларына жолданатын есептерiн, ақпараты мен қорытындыларын дайындау қаралады.
Тармақ 21
21. Есеп комитетiнiң отырыстарын жүргiзудiң тәртiбi, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да мәселелер Есеп комитетiнiң регламентiмен айқындалады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Есеп комитетi Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ көлiк қызметiн көрсету жағдайлары бойынша министрдің лауазымына, ал Есеп комитетi мүшелерiнiң лауазымдары вице-министрдің лауазымына теңестiрiледi.
Тармақ 23
23. Есеп комитетi қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудi және оған көлiк қызметiн көрсетудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы жүзеге асырады.