О внесении изменений в решение Алматинского областного Маслихата от 5 февраля 2002 года № 18-123 "Об областном бюджете Алматинской области на 2002 год" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 5-ақпандағы "Алматы облысының 2002 жылға арналған облыстық бюджеті туралы" № 18-123 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 01.07.2005 № 18-135 шешімімен.
Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 5-ақпандағы «Алматы облысының 2002 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 18-123 шешіміне төмендегі өзгертулер енгізілсін:
1-тармаққа
«алынған ресми трансферттер 10289366 мың теңге» деген жолдан кейін «ауыл шаруашылыгы товарларын өндірушілерге берілген несиелерді қайтару - 230000 мың теңге» деген жол қосылсын.
«Несиелер» жолындағы «100000» саны «330000» санына алмастырылсын.
5 тармақта
«3656797» саны «3648431» санына алмастырылсын
Талғар ауданы «179041» саны «170675» санына алмастырылсын
Тармақ 9
9-тармақ «және ауыл шаруашылығы товар өндірушілеріне несие беру үшін 230000 мың теңге» деген сөзтіркесімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 5- ақпандағы «Алматы облысының 2002 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 18-123 шешімінің № 1 қосымшасы осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.