О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2002 года № 407 «О мерах по реализации Закона Республики Казахстан «Об охранной деятельности» Күшін жойған
Басқа 0
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке күзет ұйымдары пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 454 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің
пайдалануына арналған арнаулы құралдардың
тізбесі
Тармақ 1
1. Резеңке таяқшалар.
Тармақ 2
2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар.
Тармақ 3
3. 1 – 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелерi.
Тармақ 4
4. 1 – 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдерi.
Тармақ 5
5. Қол кісендері.
Тармақ 6
6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.
Тармақ 7
7. Радиоактивтi, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.
Тармақ 8
8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелерi.
Тармақ 9
9. Өтудi бақылау жүйесi.
Тармақ 10
10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелерi.
Тармақ 11
11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.
Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезiнде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, iшi мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.