О внесении изменений и дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 5 августа 2002 года № 917 «Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета» и от 24 ноября 2017 года № 590 «О рейтинге регионов и городов по легкости ведения бизнеса и присуждении специальной премии по его итогам» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Рейтинг өткізуді ұйымдастырушы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады. Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі: 1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту; 2) пікіртерім мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу; 3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету; 4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету; 5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау; 6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде: 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) қосымша материалдарды қарау кезінде балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында: мына: «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.