О внесении изменения и дополнения Правила осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан, утвержденные решением от 5 мая 2003 года С-28/2 «Об утверждении Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың 5 мамырындағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелерін бекіту туралы» № С-28/2 шешіммен бекітілген, Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық Мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық Мәслихатының 2003 жылдың 5 мамырындағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелерін бекіту туралы» № С-28/2 шешімімен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелеріне (2003 жылдың 22 мамырындағы тіркеу нөмірі 1806, аудандық «Ереймен» газетінің 2003 жылдың 11 маусымындағы 64 нөмірінде, аудандық «Ерейментау» газетінің 2003 жылдың 11 маусымындағы 64 нөмірінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелерінің 12 тармағында «15000» сандары «30000» сандарымен алмастырылсын;
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем бергізу ережелерінің 11 тармағы келесідей мазмұндағы 4)-1 тармақшамен толықтырылсын: «4)-1 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы мерекеленуіне орай жергілікті бюджеттің қаржысынан Ұлы Отан согысының ардагерлері мен мүгедектеріне 10000 теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қайта некеге тіркелмеген жауынгер жесірлеріне, фашистік лагерьлердің тұтқындарына, «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісінің иелеріне, әскери қызметкерлерге және ерікті жалдамалы құрамның өкілдеріне 5000 теңгеге дейін материалдық көмек көрсетілсін».
Тармақ 2
2. Бұл шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.