О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2003 года № 131 и от 26 декабря 2008 года № 1265 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 және 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесінде: 1-тармақтағы «Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын; 19-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацындағы «Қазақ КСР-нің Заңы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1265 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 3-тармақтағы «1991 жылғы 5 шілдедегі» деген сөздер «2010 жылғы 4 мамырдағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2010 жылғы 18 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.