О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2003 года № 131 «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 аөпандағы № 131 «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы өкiметiнiң 2003 жылғы 5 аөпандағы № 131 "Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысын орындауда және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 4) тармаөшасына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Атырау өаласының және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктарының өызметiн жоғарыда аталған Ережеге сәйкес келтiрсiн;
Тармақша 2
2) рынок әкiмшiлiктерiне сауда рыноктарының өызметiн ұйымдастыру туралы Ереженi көрiп оқуға қолайлы жерге iлiп қоюды ұсынсын;
Тармақша 3
3) Атырау облыстық экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасына орындалған жұмыс туралы ақпаратты 2003 жылдың 15 шiлдесiне және 15 қарашасына берсiн.
Тармақ 2
2. Атырау облысының iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша), Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, Атырау облысы бойынша салыө комитетi (келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментi (келiсiм бойынша), Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (келiсiм бойынша), Атырау облысының мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасы (келiсiм бойынша), "ёлттыө сертификаттау және сараптау орталығы" ашық акционерлiк қоғамының Атырау филиалы (келiсiм бойынша) жоғарыда аталған сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру туралы Ереженiң сақталуына, рыноктардың жұмыс iстеуiне жасалған келiсiм шарттардағы талаптардың орындалуына, төлемдердiң бюджетке толық және мезгiлiнде түсуiне бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Қ Ищановқа жүктелсiн.