О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2003 года № 131 "Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесінде:
Тармақша 1
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарының тұрағы үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен;
Тармақша 2
2) жабық базар - тұрақты инженерлiк коммуникациясы бар, жерге iргетаспен берiк байланыстырылған күрделi ғимарат. Жабық базардағы сауда орындары мен өздерiндегi тұрақты үлгiдегi бөлiмдермен (олардағы тауарларды алдын ала сатуға дайындауды жүзеге асыратын) байланысы жоқ. Әдетте, сатушылардың күнделiктi ауысымына рұқсат берiледi, жабық базардың сауда орындарындағы тауарлық запас бiр жұмыс күнiмен шектеледi;
Тармақша 3
3) көтерме базар - бұл әрi қарай өткiзу немесе өндiрiсте пайдалану мақсатында тауарларды партиялармен (үлкен санымен) сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
Тармақша 4
4) бөлшек сауда - бұл қызмет көрсетудi және тұтынушылардың тiкелей өздерiне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған тұтыну мақсатындағы тауарларды даналап немесе бiрнеше сандық мөлшерде сатып алу-сатуды жүзеге асыратын базар;
Тармақша 5
5) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 6
6) сауда қызметi - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметi;
Тармақша 7
7) тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнiмi;
Тармақша 8
8) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;
Тармақша 9
9) дүңгiршек - сауда залы жоқ, арнайы бөлiнген жер учаскесiне орнатылған сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
Тармақша 10
10) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалған, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;
Тармақша 11
11) сауда шағын базары (бұдан әрi - шағын базар) - бұл сауда орындарының саны 25-тен аспайтын, тауарларды зауыттық орамда (ыдыста) даналап, сондай-ақ азық-түлiк тауарлары үшiн арнайы сақтау жағдайларын талап етпейтiн тауарларды сатуға арналған базар;
Тармақша 12
12) базардағы сауда орны - сатушының (сатушылардың) тауарларды, сауда мүкаммалын орналастыру және сатуға арналған тауарлар қорын сақтау үшiн сөрелермен жабдықталған жұмыс аймағы. Сауда орны өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi есепке алына отырып, қажеттi санитарлық-техникалық жағдайларға сәйкес болуы тиiс;
Тармақша 13
13) сауда қызметiнiң субъектiсi - бұл сауда қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 14
14) базар әкiмшiлiгi - базар қызметiн тiкелей басқару үшiн базардың меншiк иесi (иегерi) құрған басқару аппараты;
Тармақша 15
15) базардың меншiк иесi (иегерi) - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететiн, сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн сауда орындарын беру және басқа да қызмет түрлерiн көрсету мақсатында базардың мүлiктерiн иелену, пайдалану, билiк ету құқығы бар заңды және/немесе жеке тұлға;
Тармақша 16
16) сатушы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес құқық субъектiсi болып табылатын, өзiнiң сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн, базар қызметтерiн пайдаланушы заңды және/немесе жеке тұлға;
Тармақша 17
17) сауда мүкаммалы - сауда қызметiн жүзеге асыруға арналған заттар;
Тармақша 18
18) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
Тармақша 19
19) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;
Тармақша 20
20) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй-iшiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 21
21) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 22
22) сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
Тармақша 23
23) коммуналды базар – жергілікті атқарушы органдар шешімімен құрылатын, тұтынушылардың тiкелей өздерiне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған азық-түлік тауарларын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын сауда базары.». мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
Тармақ 21-1
«21-1. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен апта сайынғы негізде коммуналды базарда сатылатын азық-түлік тауарларына ұсынылатын бөлшек бағалар белгіленеді.
Тармақ 21-2
21-2. Жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша коммуналды базардың әкімшілігімен жыл сайынғы негізде тоқсанына бір реттен кем емес түзету мүмкіндігімен көрсетілетін қызметтердің барлық түрлері бойынша (сауда алаңдарын жалға беру, тауарларды сақтау, қаттап тастау, сұрыптау және буып-түю, сонымен қатар жүк және жеңіл машиналардың кіруі және тұрақта болуы) тіркелген тарифтер белгіленеді.»; мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2-тармақтармен толықтырылсын:
Тармақ 33-1
«33-1. Коммуналды базарда 70%-дан кем емес сауда алаңдары азық-түлік тауарларын сатуға тиіс, олардың 10%-дан кем емес сауда орындары тікелей ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеке өнімдерін сату үшін ұсынылуға тиіс. Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату үшін сауда орындарының нақты санын және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін сауда орындарының нақты санын айқындауды жергілікті атқарушы органдар келісім бойынша коммуналды базар әкімшілігі жүзеге асырады.
Тармақ 33-2
33-2. Коммуналды базарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының тiзбесiне сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпараттық стендтер орнатылады. Ақпараттық стенді өзге де азық-түлік тауарларының ағымдағы бөлшек бағалары туралы ақпаратты да қамтуы мүмкін.».
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.