О внесении изменений в постановление от 5 марта 2004 года № 377 "Об областной комиссии по государственным символам при акиме области" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы" 2004 жылғы 5 наурыздағы № 377 қаулыға өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және "Нормативтік қµқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1."Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы" Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 377 (тіркеу N 1672, 2004 жылғы 6 сәуірде "Рудный Алтай", "Дидар" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 3
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Комиссияның дербес қµрамы облыстық мәслихаттың бекітуіне енгізілсін"; аталған қаулымен бекiтiлген, облыс әкiмiнің жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссия туралы ережеде: 11-тармақтағы "Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің облыстық ақпарат басқармасының бастығы" сөздері, "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры" сөздерімен ауыстырылсын; 13-тармақтың бірінші бөлімінде "облыстық ақпарат басқармасы" сөздері "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.