О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2005 года N 110 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесi: мынадай мазмұндағы 103-1-тармақпен толықтырылсын: "103-1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру үшін астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару агентіне ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкiметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерiндегi бiржолғы төлемдермен жүзеге асырылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.