О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2005 года N 110 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
4-1-тарауда:
56-6-тармақтың 1) тармақшасында:
бесінші абзац "техникалық қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беруге арналған мүкәммалды сатып алу және дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына шығыс материалдарын сатып алу;
теледидарда әлеуметтану сұраунама, сондай-ақ саяси пікірталастар өткізу;
сайлауды ұйымдастыру және еткізу жөнінде оқу мен семинарлар өткізу;
бейне және дыбыс роликтерді, оқу фильмдерін дайындау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.