О внесении изменений в решение акима области от 5 января 2005 года № 1 "О квалификационных требованиях к административным государственным должностям категории "Д-0-1" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Д-0-1" санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1."Д-0-1" санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N1 шешіміне (Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 5 қаңтарда 1614-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан " газетінде 2005 жылғы 8 қаңтарда жарияланған, облыс әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдағы N 29 шешімімен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: N 9 қосымшада "Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; N 12 қосымшада "Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын; N 17 қосымшада "Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи монополиялар қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы тарифтер басқармасының бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес N 21 қосымшамен толықтырылсын. КЕЛІСІЛГЕН Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі аумақтық басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тәртіптік кеңесінің төрағасы
Басқа 3
Облыс әкімінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы N 1 шешіміне N 21 қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары, 1 бірлік, Д-0-1 N 21-01 Өлшемдер Талаптар Білімі Жоғары кәсіптік білім Сәулет, құрылыс саласында немесе мемлекеттік басқару Кәсіптік біліктілігі 1. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тест өткізу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер. 2. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Практикалық тәжірибесі 1. Бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес. 2. Лауазымның функционалдық бағыттары - сәулет, қала құрылысы саласында Функционалдық міндеттері 1. Аумақтардың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективті міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу 2. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау жасау және тексерулер жүргізу 3. Жергілікті атқарушы органдардың сәулет-қала құрылысы қызметімен айналысатын кәсіпорындармен жұмыс жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіру 4. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, оған бақылау жасау және негіздеу қабілетінің болуы