О внесении изменений и дополнений в решение Степногорского городского маслихата от 5 апреля 2005 года № 3С-15/3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан» Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 3С-15/3 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1) тармағы 11), 14) тармақшаларына, қала әкімдігінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № ә-7/771 «Степногорск қаласы және кенттеріндегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру мен жақсарту шаралары туралы» қаулысының 3 тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде № 1-2-5 тіркелген және 2005 жылғы 5 мамырда «Престиж» газетінің № 18 санында жарияланған Степногорск калалық мәслихатының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № ЗС-15/3 «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталмыш Ереженің «Әлеуметтік көмек алу құқығы» атты 2 тарауы 4 тармағы 5) тармақшасы келесі мазмұнда:
«5) туберкулезбен ауырғандар»
5 тармақтағы «медициналық мекеменің қорытындысы бойынша» деген негізден кейін «туберкулезбен сырқаттанушылардың амбулаторлық емделу кезіндегі қосымша тамақтануы үшін» деген шешіммен толықтырылсын.
«Әлеуметтік төлемнің тәртібі және оның мөлшері» атты 4-ші тармағы бірінші азат жолдағы сөйлемді: «Ақмола облыстық денсаулық сақтау департаментінің «Степногорск аймақтық туберкулезге қарсы диспансері» Мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімінің негізінде туберкулезбен сырқаттанушылардың амбулаторлық емделу кезіндегі қосымша тамақтануы үшін әрбір сырқатқа ай сайын бөлінетін әлеуметтік көмек 3000 теңге көлемінде белгіленеді» деген шешіммен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап өз күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің әрекеті 2006 жылдың 1 қаңтарында белгіленген құқықтық қатынастарға тарайды.