О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 5 июля 2006 года № 140 и от 10 октября 2006 года № 198 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 және 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі N 140 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамына Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;
аталған комиссияның құрамынан А.Ө.Сәрсенбаев шығарылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия құрамына Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, төрағаның орынбасары болып енгізілсін;
аталған Комиссияның құрамынан А.Ө.Сәрсенбаев шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.