О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 5 апреля 2006 года №135 «Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах Тайыншинского района и города Тайынша» Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Тайынша ауданының елдімекендері мен Тайынша қаласындағы жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы» № 135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Тайынша ауданының елдімекендері мен Тайынша қаласындағы жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы» (2006 жылғы 10 мамырда тіркелген № 13-11-39, «Тайыншинские вести» газетінде 2006 жылғы 19 мамырда, 21 нөмірінде жарияланған) № 135 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің 1 тармағында «мысықтарды» деген сөзінен кейін «құстарды, араларды» деген сөздермен толықтырылсын;
Келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жануарларды ұстау - жануарлар иелерінің жануарлардың өмірін сақтау үшін, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтап, ветеринариялы- санитарлық нормаларын сақтап дені сау төл алу үшін, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрекеттерін жасау.»;
Тармақша 2
2) Ереженің 2 тармағында:
«тіркеу» сөзінен кейін «жаңадан алған жануарлар мен құстар, әсіресе төбелескек тұқымды иттер мен оларға теңдес басқыншылығы көтерілген иттері бар иелер, ветеринариялық инспекцияда алған күннен бастап 10 күндік мерзімде»;
Тармақша 3
3) Ереженің 7 тармағы келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік ветеринариялық орғандарға жаңадан иеленген жануарлар, алынған төлдер, малдың сойылуы және сатылуы туралы хабарлап отыруы жерек»;
Тармақша 4
4) Ереженің 13 тармағы 1) тармақшасында:
«жануарлар» сөзінен кейін «тұрғын үйлер жанында, балалар алаңдарында, балалар мектепке дейінгі мекемелердің аумақтарында, мектеп, спорт алаңдары мен басқа да қоғамдық орындарда» дегеун сөздермен толықтырылсын;
келесі мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) «ірі иттермен серуендеуге және олармен қоғамдық орындарда және көпшілік демалу орындарда сау емес күйдегі азаматтар мен 14 жасқа дейінгі балаларға көрінуге»
«4) «Тайынша ауданының елдімекендері мен Тайынша қаласында ветеринариялық қызметтің рұқсатынсыз бекітілмеген ұрыстарды жүргізу, арнайы өрындарда және арнайы ережелер боиынша иттердің жұмыстық сапасын тексеру жағдайын қоспағанда, бұл жануардың зақымдалуын болдырмайды және күзетші -иттерді өсіру үшін және асыл тұқымды дұрыс іріктеуін жүргізуге мүмкіндік береді».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.