О внесении изменений в решение районного маслихата от 5 апреля 2006 года №135 «Об утверждении Правил содержания животных, выгула собак и кошек в населенных пунктах Тайыншинского района и города Тайынша Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Тайынша ауданының елді мекендері мен Тайынша қаласындағы жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы» № 135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Казакстан Республикасы Конституциясының 61 бабына, «Нормативтік құқықтық кесімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Тайынша ауданының елді мекендері мен Тайынша қаласындағы жануарларды ұстау, іттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы» № 135 шешіміне (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әділет басқармасымен 2006 жылғы 10 мамырда тіркелген №13-11-39; 2006 жылғы 19 мамырда № 21 «Тайыншинские вести» газетінде жарияланған) «Ауданның мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Тайынша ауданының елді мекендері мен Тайынша қаласындағы жануарларды ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету Ережелерін бекіту туралы» № 135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 208 шешімімен (2006 жылғы 16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әділет басқармасымен тіркелген № 13-11-61; 2007 жылғы 15 маусымда №24 «Тайыншинские вести», 2007 жылғы 15 маусымда №24 «Тайынша таңы» газеттерінде жарияланған) енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ережелердің 2 тармағында: «міндетгі» деген сөз «кажет» деген сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4 тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 7 тармақта:
«иелері міндетті» деген создер «иелеріне қажет» деген сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 8 тармақта:
«Жеке аулаларда жануарлар өлекселерін өз алдына тастауға немесе көмуге тыйым салынады. Жануарды кәдеге жарату иесі есебінен өткізіледі» деген сөйлемдер алынып тасталсын;
Тармақша 5
5) 9 тармақта:
«жануар иелері міндетті» деген сөздер «жануар иелеріне ұсынылады» сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 13 тармақта:
«тыйым салынады» деген сөздер «ұсынылады» деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) адамдар көпшілігі демалатын жерлердің және спорт алаңдарының, мектептердің, балалар мектепалды мекемелердін аумақтарында, тұрғын үйлер жанында, ірі иттерді, жануарларды серуендетпеу»;
2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) тротуарлар, көгалдар балалар, спорт алаңдары, баспалдақ алаңдары, подъездер, жалпы пайдаланатын орындар жануарлармен ластанбасын»;
3) тармақша алынып тасталсын;
4) тармақшада:
«өткізу» деген сөз «өткізбеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 14 тармақта:
«үй жануарларын ұстау тиісті» деген сөздер «үй жануарларды ұстау қажет» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) 17 және 16 тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.