О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 5 января 2007 года № 1 и от 30 июня 2007 года № 561 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат): мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын: "2-1. Мемлекеттік органдар "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері тізбесінің 2-тармағын ескере отырып, өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді және Үкіметке бекітуге енгізуді қамтамасыз етсін."; "2-2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын."; көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 2-тармақта: "жергілікті атқарушы органдар" кіші бөлімінде: 1), 2), 3), 4) тармақшаларда "ресімдеу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын; 13) тармақшада "қосалқы" деген сөздің алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын; 14) және 21) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын: "23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу; 24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген отбасыдан өтінім қабылдау; 25) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою; 26) әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру; 27) мемлекеттік және мемлекеттік емес дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу; 28) жалғызілікті, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу."; "Көлік және коммуникациялар министрлігінің органдары:" кіші бөлімі мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді беру."; мынадай мазмұндағы кіші бөлімдермен толықтырылсын: "Ауыл шаруашылығы министрлігінің органдары: 1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу; 2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктер кепілін тіркеу; 3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу, қайта тіркеу; 4) машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру; Білім және ғылым министрлігінің органдары: 1) республиканың білім беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою."; 2) (күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 745 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен).
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.