О внесении изменений в постановление акимата от 5 марта 2007 года № 113 «О реализации решения Денисовского районного маслихата от 21 декабря 2006 года № 63 «О бюджете Денисовского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 113 «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік корғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 113 «Денисов аудандык мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 4 сәуірде № 9-8-62 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 20 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Бірінші тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 3200 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Әкімдіктің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 215 «Әкімдіктің 2007 жылғы наурыздағы № 113 «Денисов аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 63 «2007 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына қосымшалар енгізу туралы» қаулысы жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.