О внесении изменений в постановление акимата района от 5 мая 2009 года № 13/20 "Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года" Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 13/20 "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 13/20 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-104 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінің 2009 жылғы 13 маусымдағы N 24 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтағы "Нүркен Сайфиддинұлы Көбжанов – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары" сөздері "Жанарстанов Аскар Жаксыкельдинович – азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ауданның қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Н.С. Саманов
2009 жыл 04 қараша
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы
Денсаулық сақтау
департаментінің директоры
Е.А. Абилкасимов
2009 жыл 04 қараша
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер
бөлімі бастығы
А.Р. Жакупбаев
2009 жыл 04 қараша