О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2010 года № 177 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2010 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«011 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.