О внесении изменений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 января 2011 года № 7 "Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2011 ж. 15 маусымда № 3) мынадай өзгеріс енгізілсін: Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 тамыздағы № 479 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» есепке алу есеп беру құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.
Тармақ 4
4. АЕҰ негізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады. 5.АЕҰ негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) халыққа дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
Тармақша 3
3) тұрғындардың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) қызметті жетілдіру және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізу;
Тармақша 6
6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 6
6. МСАК мыналарды:
Тармақша 1
1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;
Тармақша 2
2) отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, сондай-ақ отбасыны жоспарлауды;
Тармақша 3
3) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды;
Тармақша 5
5) ауруларды ерте айқындауға жүргізілетін скринингілік зерттеулерді;
Тармақша 6
6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы хабардарлығының деңгейін арттыруды;
Тармақша 7
7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундауды;
Тармақша 8
8) тұрғындарды гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 9
9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
Тармақ 7
7. КДК өзіне тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек қызметтерін қосады.
Тармақ 8
8. МСАК көрсететін ұйымдардың қызметі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысымен бекітілген Азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, тіркеу орны бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Тармақ 9
9. Бір әкімшілік аумақтық бірлік шегіндегі МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына аумақтық қызмет көрсету аймағын МСАК қызметтерінің ең жоғарғы деңгейінің қамтамасыз етілуін есепке ала отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайды.
Тармақ 10
10. Аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде учаскелер бойынша тіркелген тұрғындарды бөлуді МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді.
Тармақ 11
11. Азаматтарды медициналық ұйымды таңдау құқығымен қамтамасыз ету мақсатында тіркелген азаматтардың санын есепке алу арқылы ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу үшін осы ұйымға аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын, оқитын немесе жұмыс істейтін азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеуге болады.
Тармақ 12
12. МСАК мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр, учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер) МСАК-ты:
Тармақша 1
1) медициналық пунктте;
Тармақша 2
2) фельдшер-акушерлік пунктте;
Тармақша 3
3) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);
Тармақша 4
4) емханада көрсетеді.
Тармақ 13
13. КДК-ны бейінді мамандар:
Тармақша 1
1) консультациялық-диагностикалық орталықта /емханада;
Тармақша 2
2) емхананың консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінде, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.
Тармақ 14
14. КДК халықтың оны көрсетілуне мұқтаждығына сәйкес, сырқаттанушылық пен өлімді, тұрғындардың жыныстық-жастық құрамын, оның тығыздығын, сондай-ақ халық денсаулығын сипаттайтын өзге көрсеткіштерді ескере отырып ұйымдастырылады.
Тармақ 15
15. КДК ТМККК шеңберінде:
Тармақша 1
1) МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен;
Тармақша 2
2) шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда МСАК көрсететін медицина қызметкерлерінің жолмасысыз өздігінен жүгінгенде;
Тармақша 3
3) бейінді мамандардың диагнозды тағайындау, ушығуы болған кезде және пациентті бір аяқталған жағдай шеңберінде пациентті емдеудің одан әрі тәсілін айқындау мақсатында берген жолдамалары бойынша жоспарлы тәртіппен көрсетіледі. Бейінді маманның бір аяқталған жағдай шеңберінде қайтадан қабылдауы МСАК маманының жолдамасысыз жүзеге асырылады. Бір аяқталған жағдай шегінде КДП үштен аспайтын бейінді маман консультация беруі мүмкін.
Тармақ 16
16. Халықтың әлеуетті осал санаттарын ТМККК шеңберінде қымбат тұратын диагностикалық зерттеулерге жіберу консультациялық-диагностикалық көмектің және жалпы дәрігерлік практика/учаскелік қызмет бөлімшесінің меңгерушісімен келісілген АЕҚ мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. ТМККК шеңберінде медициналық көмекті қамтамасыз ететін АЕК жұмысының режімі демалыс және мерекелік күндері МСАК және КДК кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы барлық мамандар және құрылымдық бөлімшелер үшін жылжымалы кесте бойынша сағат 08.00.-ден сағат 20.00.-ге дейін белгіленеді.
Тармақ 18
18. МСАК дәрігерінің (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт-дәрігер/педиатр) АЕҰ-дағы қабылдау ұзақтығы күніне 5 сағаттан кем болмауы тиіс.
Тармақ 19
19. Амбулаториялық-емханалық күндізгі стационар мен үйде жағдайларында да көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Дәрігердің немесе орта медицина қызметкерінің үйге шақыртуға қызмет көрсетуін учаскелік қызмет (жалпы дәрігерлік) бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) үйлестіреді. Шақыртуды қабылдау МСАК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанда (18.00-ге дейін) аяқталады. Мынадай айғақтар үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін табылады:
Тармақша 1
1) пациентке өз бетімен МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайы; дене қызуының 38 С градустан жоғарылауы; жай-күйінің айқын бұзылуы бар атреиялық қысымның жоғарылауы; бірнеше рет қайталанып іштің өтуі; омыртқаның және жүруді тежейтін аяқ буындарының қатты ауырсынуалары; бастың айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;
Тармақша 2
2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр болуы, (I – II топтың) мүгедектері, сл, аяқтың тілінуі);
Тармақша 3
3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
Тармақша 4
4) тасымалдауға болмайтын пациент;
Тармақша 5
5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.
Тармақ 21
21. МСАК ұйымының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула аралау (пәтер аралау) арқылы белсенді баруы:
Тармақша 1
1) жіті аурулар, созылмалы аурулардың ушығуы кезінде оның жағдайын, ауру ағымын бақылау және қажетті зерттеп-қарауларды және (немесе) емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында; инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен сырқат науқастар анықталған жағдайда тұрғындардың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық аурумен сырқаттану күдігі бар тұлғалардың патронажы.
Тармақ 22
22. Амбулаториялық – емханалық көмек медициналық ұйымнан айтарлықтай алыс жерде орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайлар есебімен нашар көліктік қолжетімділігі бар елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін бару орны бойынша ұтқыр медициналық бригадалар жылжымалы медициналық кешендерде, консультациялық-диагностикалық пойыздарда көрсетіледі.
Тарау 2. 2. АЕҰ негізгі функциялары
2. АЕҰ негізгі функциялары
Тармақ 23
23. АЕҰ негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) «Медициналық көмектің нысандары мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 бұйрығына (бұдан әрі – № 796 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелген) сәйкес МСАК (дәрігерге дейін, білікті) көрсету;
Тармақша 2
2) № 796 бұйрыққа сәйкес КДК (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көрсету;
Тармақша 3
3) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (бұдан әрі – № 786 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) сәйкес тіркелген тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыс жүргізу;
Тармақша 5
5) Инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 6
6) «Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығына (бұдан әрі – № 630 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген), сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 907 бұйрығына сәйкес тіркелген халыққа психологиялық және арнаулы әлеуметтік қызметтерді, оның ішінде электрондық форматта көрсету болып табылады.
Тармақ 1. Параграф 1. Емхана
Параграф 1. Емхана
Тармақ 24
24. Емхана – оның қызмет көрсететін ауданында тұратын тұрғындарға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін көпбейінді медициналық ұйым.
Тармақ 25
25. Емхана басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Тармақ 26
26. Емхананы құруды, қайта ұйымдастыруды, қызметін тоқтатуды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.
Тармақ 27
27. Емхана денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына арналған клиникалық база болуы мүмкін.
Тармақ 28
28. МСАК көрсететін емхана қызметкерлерінің функциялық міндеттері осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 29
29. Емхана жағдайындағы амбулаториялық-емханалық көмек:
Тармақша 1
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақат, улану және басқа шұғыл жағдайларда кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) созылмалы ауру нысандары бар адамдарды динамикалық бақылауды;
Тармақша 4
4) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарауды;
Тармақша 5
5) пациенттерді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 492 бұйрығына (бұдан әрі – № 492 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6380 болып тіркелген) сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;
Тармақша 6
6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен профилактикалық тексеріп-қараулардың барлық нысандарын (скринингілік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді, нысаналы және т.б.);
Тармақша 8
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;
Тармақша 9
9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
Тармақша 10
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді;
Тармақша 11
11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді;
Тармақша 12
12) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды;
Тармақша 13
13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 14
14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау процесіне тартуды;
Тармақша 15
15) мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілерді және көшбасшыларды ұйымдастыруды;
Тармақша 16
16) халықты гигиеналық оқытуды;
Тармақша 17
17) отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, оның ішінде отбасыны жоспарлауды;
Тармақша 18
18) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;
Тармақша 19
19) иммундық профилактиканы ұйымдастыру мен жүргізуді;
Тармақша 20
20) «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (бұдан әрі – № 685 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
Тармақша 21
21) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді;
Тармақша 22
22) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды айқындау, тиісті медициналық ұйымдарға айқындалған науқастар туралы ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
Тармақша 23
23) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізуді;
Тармақша 24
24) медициналық оңалтуға және санаториялық-курорттық емдеуге іріктеуді;
Тармақша 25
25) дәрігерлердің және орта медицина персоналының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды;
Тармақша 26
26) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджеттен тыс қаражаттарды тарту бойынша қызметті жүзеге асыруды;
Тармақша 27
27) персоналдың және емхананың құрылымдық бөлімшелері қызметінің есебін жүргізуді, емхана жұмысын сипаттайтын статистикалық деректерді талдауды қамтиды.
Тармақ 30
30. Емхана өзіне:
Тармақша 1
1) Отбасылық денсаулық орталығын (жалпы дәрігерлік практика бөлімшесін/учаскелік қызметі);
Тармақша 2
2) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесін;
Тармақша 3
3) консультациялық – диагностикалық көмек бөлімшесін;
Тармақша 4
4) қосымша бөлімшелері (үй-жайларды) қосады.
Тармақ 2. Параграф 2. Дәрігерлік амбулатория (отбасы денсаулығы орталығы)
Параграф 2. Дәрігерлік амбулатория (отбасы денсаулығы орталығы)
Тармақ 31
31. Дәрігерлік амбулатория (Отбасы денсаулығы орталығы) (бұдан әрі – ОДО) дербес заңды тұлға немесе МСАК көрсететін (дәрігерге дейінгі, білікті) емхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 32
32. МСАК көрсететін ОДО қызметкерінің функционалдық міндеттері осы Ережеге № 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 33
33. Отбасы денсаулығы орталығы халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде, күндізгі стационарда, үйдегі стационарда (дәрігерге дейінгі, білікті):
Тармақша 1
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) үйде шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді зертеп-қарауды;
Тармақша 4
4) пациенттерді емдеуді;
Тармақша 5
5) пациенттерді № 492 бұйрыққа сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;
Тармақша 6
6) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды жалғастырушы және кеш медициналық оңалтуды;
Тармақша 7
7) диспансерлеу мен профилактикалық тексеріп-қарауды;
Тармақша 8
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;
Тармақша 9
9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
Тармақша 10
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;
Тармақша 11
11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарына еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалту белгілері бар адамдарды жіберуді;
Тармақша 12
12) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді;
Тармақша 13
13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 14
14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау үдерісіне тартуды, мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;
Тармақша 15
15) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен аналықты, әкелікті және балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;
Тармақша 16
16) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;
Тармақша 17
17) иммундық профилактикалауды ұйымдастыру мен жүргізуді;
Тармақша 18
18) № 630 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
Тармақша 19
19) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді;
Тармақша 20
20) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтау, тиісті медициналық ұйымдарға анықталған науқастар жөніндегі ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
Тармақша 21
21) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия жүргізуді қосатын МСАК көрсетеді;
Тармақ 34
34. Отбасы денсаулығы орталығының құрамында:
Тармақша 1
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
Тармақша 2
2) жалпы практика, участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігері) дәрігерлерінің қабылдау бөлмесі, мектепке дейінгі балалар мекемелерімен және оқу орындарымен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігерінің кабинеті;
Тармақша 3
3) акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті;
Тармақша 4
4) күндізгі стационар;
Тармақша 5
5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру бөлмелері, зарарсыздандыру кабинеті;
Тармақша 6
6) тіркеу орны;
Тармақша 7
7) дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі);
Тармақша 8
8) емшара кабинеті;
Тармақша 9
9) егу кабинеті;
Тармақша 10
10) зертхана;
Тармақша 11
11) физиотерапиялық емдеу кабинеттері;
Тармақша 12
12) химизатор кабинеті;
Тармақша 13
13) қақырық жинау кабинеті бар;
Тармақша 14
14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің құрамында: бөлімше меңгерушісінің кабинеті; дәрігерге дейінгі кабинет; акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті; әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті; салауатты өмір салты кабинеттері/диабет, демікпе, артериялық гипертензия, босануға дайындау, жас ана және т.б. бейіндегі мектептер; жастар денсаулығы орталығының кабинеттері бар.
Тармақ 35
35. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік және психологиялық қызметтер Отбасылық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 36
36. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мамандары МСАК шеңберінде халыққа амбулаториялық жағдайда, үйде:
Тармақша 1
1) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
Тармақша 2
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыруды; қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеріп-қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;
Тармақша 4
4) тіркелген халық арасынан нысаналы топ адамдарын қажетті көлемді белгілеу арқылы профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі жөнінде (тұрғылықты жері бойынша және жұмыс орны бойынша) мекенжайлық хабардар етуді. Профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерге шақыртуы бар мекенжайлық хабарлама тұрғылықты жеріне, сондай-ақ жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс берушіге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметкерлердің профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі туралы хабардар ете отырып жұмыс орны бойынша жеткізіледі;
Тармақша 5
5) зерттеулер көлеміне сәйкес, оның ішінде бейінді мамандармен профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингілік тексеруден өткізілуге жататын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және графигін айқындауды;
Тармақша 6
6) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;
Тармақша 7
7) МСАК деңгейінде салауатты өмір салтын қалыптастыру алгоритміне сәйкес аурулардың қауіп факторлары бар адамдар және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуды;
Тармақша 8
8) бейіндері бойынша денсаулық мектептерінің, жастар денсаулығы орталығының, қарттар клубының қызметін ұйымдастыруды;
Тармақша 9
9) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын тұрақты негізде өткізуді;
Тармақша 10
10) № 630 бұйрыққа және уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес тіркелген халыққа психологиялық көмек пен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді;
Тармақша 11
11) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды қосатын әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді.
Тармақ 3. Параграф 3. Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт
Параграф 3. Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт
Тармақ 37
37. Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт № 796 бұйрыққа сәйкес дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін қалалық және аудандық емханалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Тармақ 38
38. МСАК көрсететін фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт қызметкерлерінің функционалдық міндеттері осы бұйрыққа № 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 39
39. Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт мамандары халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде: мыналардан тұратын МСАК (дәрігерге дейінгі) көмекті көрсетеді:
Тармақша 1
1) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;
Тармақша 4
4) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есеп және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, статистикалық деректерді талдауды;
Тармақша 5
5) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтердің ең аз көлемін көрсетуді;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 7
7) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау үдерісіне тартуды, мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыра, еріктілерді және озаттарды дайындай отырып өзін-өзі қорғау мінез-құлықтар дағдыларына баулуды;
Тармақша 8
8) халықты гигиеналық, оның ішінде отбасы мен ана, әке болу мен балалық шақты қорғау мәселелері бойынша оқытуды;
Тармақша 9
9) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;
Тармақша 10
10) иммундық профилактиканы ұйымдастыру және жүргізуді;
Тармақша 11
11) дәрігер тағайындауларын орындау, оның ішінде туберкулезбен сырқат науқастарға химиотерапия жүргізуді;
Тармақша 12
12) білікті медициналық көмекке бағыттауға және алуға іріктеу мен жіберуді;
Тармақша 13
13) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
Тармақша 14
14) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етуді;
Тармақша 15
15) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингілік тексеріп-қарауға жататын тіркелген халық арасынан адамдар тізімін әзірлеуді;
Тармақша 16
16) тіркелген халық арасынан нысаналы топ адамдарын қажетті көлемді белгілеу арқылы профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зерттеулерден өту қажеттігі жөнінде мекенжайлық хабардар етуді;
Тармақша 17
17) зерттеулер көлеміне сәйкес, оның ішінде бейінді мамандармен профилактикалық тексеріп-қарауға және скринингілік тексеруден өткізілуге жататын тұлғаларды тексеріп-қарау уақытын және кестесін айқындауды;
Тармақша 18
18) жүргізілген профилактикалық тексеріп-қараулар мен скринингілік зертетулер нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы топтарын қалыптастыруды және мониторингілеуді;
Тармақша 19
19) аурулардың қауіп факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне үйретуді;
Тармақша 20
20) аурулардың созылмалы нысандары бар адамдардың патронажын тұрақты негізде өткізуді қосатын МСАК (дәрігерге дейінгі) көрсетеді:
Тармақ 40
40. Фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің құрамында:
Тармақша 1
1) орта медицина персоналына;
Тармақша 2
2) акушердің қабылдауына;
Тармақша 3
3) туберкулез кезінде химиотерапия жүргізуге;
Тармақша 4
4) қақырық жинауға;
Тармақша 5
5) емшаралар, манипуляциялар және екпелер арналған үй-жайлар бар.
Тармақ 4. Параграф 4. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі
Параграф 4. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі
Тармақ 41
41. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі емханалардағы, сондай-ақ стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдардағы құрылымдық бөлімше болып табылады және № 796 бұйрыққа сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Тармақ 42
42. Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің бейінді мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі стационарда, үйдегі стационарда:
Тармақша 1
1) мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) зертханалық диагностикалық зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен аурулардың жасырын нысандарын және қауіп факторларын ерте айқындауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, скринингілік зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 4
4) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылауды;
Тармақша 5
5) емдеуге жатқызуға жіберілген пациенттерге емдеуге жатқызу үшін негізделген айғақтарды ұсына отырып консультация беруді;
Тармақша 6
6) функциялары бұзылған, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырулы және кеш медициналық оңалтуды;
Тармақша 7
7) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеуді және еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалтқан тұлғаларға сараптама жүргізуді;
Тармақша 8
8) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті жүргізуді, оның ішінде электрондық форматта, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды;
Тармақша 9
9) Салауатты өмір салтын қалыптастыруды, бейіндері бойынша денсаулық мектептерін ұйымдастыру мен жүргізуді қосатын мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Тармақ 43
43. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін консультациялық-диагностикалық көмек көрсету бөлімшесінің құрамында:
Тармақша 1
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
Тармақша 2
2) бейінді мамандардың консультациялық қабылдау кабинеттері;
Тармақша 3
3) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностика, флюрография, ультрадыбыстық диагностика);
Тармақша 4
4) функциялық диагностикалау кабинеттері;
Тармақша 5
5) эндоскопиялық зерттеу жүргізу кабинеттері;
Тармақша 6
6) хирургиялық бейін төсектері бар амбулаториялық хирургия орталығы (күндізгі стационар) бар.
Тармақ 5. Параграф 5. Консультациялық - диагностикалық орталық/ емхана
Параграф 5. Консультациялық - диагностикалық орталық/ емхана
Тармақ 44
44. Консультациялық - диагностикалық орталық/ емхана КДК (мамандандырылған, жоғары мамандандырылған) көмек көрсетеді.
Тармақ 45
45. Консультациялық - диагностикалық орталық/ емхана мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі стационарда:
Тармақша 1
1) мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) ауруды диагностикалау, емдеу және алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып пациенттерді зерттеп-қарауды және емдеуді;
Тармақша 3
3) аурудың дамуын және күшеюін болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды іске асыруды;
Тармақша 4
4) зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 5
5) емдеуге жатқызу үшін негізделген айғақтарды ұсыну арқылы емдеуге жатқызуға бағытталатын пациенттерді консультациялау;
Тармақша 6
6) функциялары бұзылған, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген науқастарды ерте, жалғастырулы және кеш медициналық оңалтуды;
Тармақша 7
7) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеуді және еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалтқан тұлғаларға сараптама жүргізуді;
Тармақша 8
8) № 907 бұйрыққа сәйкес статистикалық есепті және есептілікті. оның ішінде электрондық форматта жүргізуді, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды қосатын мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Тармақ 46
46. Консультациялық - диагностикалық орталық/ емхана құрамында:
Тармақша 1
1) бейінді мамандардың консультациялық қабылдау кабинеттері;
Тармақша 2
2) сәулелік диагностика кабинеттері (рентгенологиялық диагностика, флюрография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина);
Тармақша 3
3) функциялық диагностикалау кабинеттері;
Тармақша 4
4) эндоскопиялық зерттеу жүргізу кабинеттері;
Тармақша 5
5) зертхана;
Тармақша 6
6) орталық зарарсыздандыру бөлімшесі;
Тармақша 7
7) хирургиялық бейінді төсектері бар амбулаториялық хирургия орталығы (күндізгі стационар);
Тармақша 8
8) тіркеу орны;
Тармақша 9
9) қосымша бөлімшелері (үй-жайлар) бар.
Басқа 1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ережеге 1-қосымша Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері
Тармақ 1
1. Медициналық пункт ен фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасы денсаулығы орталығының) орта медицина қызметкерінің (мейіргердің, фельдшердің) функционалдық міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде науқастарды амбулаториялық картаға жаза отырып өз бетінше қабылдауды және тексеріп-қарауды;
Тармақша 2
2) үйден келіп түскен шақыртуларға, оның ішінде МСАК ұйымының жұмыс істеген уақытында жедел медициналық жәрдем стансасынан берілген кезек күттірмейтін жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетуді;
Тармақша 3
3) пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар және басқа кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылауға қатысуды;
Тармақша 5
5) науқастарды, оның ішінде диспансерлік науқастарды жалпы практика дәрігерінің / учаскелік дәрігердің консультациясына жіберуді;
Тармақша 6
6) аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды үйдегі белсенді потранаждын;
Тармақша 7
7) пациенттерді стационардан шыққан кейінгі белсенді патронажын;
Тармақша 8
8) жаңа туған нәрестелерді және 1 жасқа дейінгі дені сау балаларды үйдегі патронажын;
Тармақша 9
9) босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі потранажды;
Тармақша 10
10) әлеуметтік-психологиялық консультация жүргізуді;
Тармақша 11
11) созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультация беру;
Тармақша 12
12) халыққа салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық білім беру жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 13
13) оқығаны туралы сертификаты болған кезде балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасын іске асыруды;
Тармақша 14
14) санитариялық-ағартушылық жұмысты;
Тармақша 15
15) декреттелген контингенттерге және тіркелген аумақтағы қауіп топтарының адамдарын флюорографиялық тексеріп-қарауларды жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды;
Тармақша 16
16) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;
Тармақша 17
17) ЖПД / учаскелік дәрігердің тексеріп-қарауына, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендерде, консультациялық – диагностикалық пойыздарда медициналық тексеріп-қарауға іріктеуді және жіберуді;
Тармақша 18
18) халықтың нысаналы тобын профилактикалық (скринингілік) зерттеулерге қалыптастыру, шақыртуды және жіберуді;
Тармақша 19
19) халықты, оның ішінде жүргізілген профилактикалық (скринингілік) тексеріп-қараулардың нәтижелері бойынша аурудың қауіп факторлары бар халықтың нысаналы тобын ауруды профилактикалау мәселелеріне оқыту;
Тармақша 20
20) балаларды тісті және ауыз қуысының шырышты қабығын күтіп-қарау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйретуді;
Тармақша 21
21) тіркелген халық тіркелімін қалыптастыруға қатысуды;
Тармақша 22
22) дәрігердің тағайындамасын, оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тікелей бақылауды орындауды;
Тармақша 23
23) дәрігердің тағайындамасы бойынша емді жалғастыру үшін аурудың созылмалы нысандары бар науқастарға ТМККК шеңберінде тегін дәрілік заттарға рецептер жазып беруді;
Тармақша 24
24) пациенттерді шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерлік көмек көрсету үшін жақын жердегі стационарларға жеткізуді қамтамасыз етуді;
Тармақша 25
25) ауылдық елді мекеннің фельдшерінің дәрігер болмаған кезде Уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу қағидасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беруін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беруін;
Тармақша 26
26) екпелерді жоспарлауды, рұқсат беруді және вакцинадан кейінгі патронажды (иммундық профилактика бойынша сертификаты болған кезде);
Тармақша 27
27) Ұлттық екпе күнтізбесінің шеңберінде және эпидемиологиялық айғақтар бойынша иммундық профилактиканы ұйымдастыруды және өткізуді;
Тармақша 28
28) тіркелген халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
Тармақша 29
29) статистикалық есептілікті және есеп беруді, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді;
Тармақша 30
30) статистикалық деректерді талдауды;
Тармақша 31
31) вена ішілік, бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасауды;
Тармақша 32
32) АҚ айқындауды;
Тармақша 33
33) көз іші қысымын, оның ішінде контактісіз көз танометрлерін пайдалана отырып айқындауды;
Тармақша 34
34) құлақтың шалғыштығы мен көздің жітілігін профилактикалық мақсатта өлшеуді;
Тармақша 35
35) иммобилдеуді (дәкелік қатып қалатын таңуларды, шиналарды салу);
Тармақша 36
36) зертханалық, оның ішінде экспресс-әдістерді пайдалана отырып жүргізуді;
Тармақша 37
37) туберкулезді айқындау үшін қақырық жинауды;
Тармақша 38
38) зертханалық зерттеулерге биологиялық материалды жинауды;
Тармақша 39
39) микробиологиялық зерттеулерге материалдарды жинауды;
Тармақша 40
40) АИТВ инфекциясына және Вассерман рекциясына (RW) қан жинауды;
Тармақша 41
41) тазартушы және сифонды клизмаларды;
Тармақша 42
42) сүңгілеуді және асқазанды жууды қамтиды.
Тармақ 2
2. Фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория фельдшерінің функциялық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) өз құзыретінің шегінде ересектерді, балаларды, әйелдерді өз бетінше қабылдау және тексеріп-қарау;
Тармақша 2
2) өз құзыретінің шегінде аурулардың созылмалы нысандары бар науқастарды, оның ішінде экстрагениталдық патологиясы бар жүкті әйелдерді динамикалық бақылауға қатысу;
Тармақша 3
3) жүкті әйелдерді, гинекологиялық науқастарды амбулаториялық қабылдау жүргізу және оларға үйде қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) жүкті және босанатын әйелдерді емдеу және патронаж;
Тармақша 5
5) айқындалған айғақтары бар немесе ауруға күдігі бар әйелдерді акушер-гинекологқа жіберу;
Тармақша 6
6) адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар кезінде кезек күттірмейтін және шұғыл дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) статистикалық есептілікті және есеп беруді жүргізу;
Тармақша 8
8) статистикалық деректерді талдау;
Тармақша 9
9) әйелдердің жыныс органдары мен басқа да көзге көрінетін орындарың (тері, ерін, сүт безі), гинекологиялық аурулардың ісік алды және обыр ауруларын айқындау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеріп-қараулар;
Тармақша 10
10) барлық әйелдерге (цитологияға және тазалық дәрежесіне сүртінділерді ала отырып) тексеріп-қараулар жүргізу;
Тармақша 11
11) жатыр мойны обырына және сүт безі обырына скринингі жүргізуге қатысу;
Тармақша 12
12) скринингілік зерттеулерге жататын әйелдерге мониторинг жүргізу;
Тармақша 13
13) бала туу жасындағы әйелдерді отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша оқыту;
Тармақша 14
14) акушер-гинеколог дәрігердің тағайындамасын орындау;
Тармақша 15
15) вена ішілік, бұлшық етке, тері астына инъекцияларды жүргізу;
Тармақша 16
16) қынапты санациялау;
Тармақша 17
17) дағдылары болған кезде жатыр ішіне спиральді салу /алу кіреді.
Тармақ 3
3. Жалпы практика дәрігерінің (учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) функциялық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) ересектерді және балаларды қабылдау және тексеріп-қарау;
Тармақша 2
2) дәрігерлік көмек көрсету үшін айғақтар болған кезде үйде қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) МСАК ұйымының жұмыс істеген уақытында жедел медициналық жәрдем стансасынан берілген кезек күттірмейтін жәрдем шақыртуларына қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа кезек күттірмейтін жай-күйлер кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) аурудың анағұрлым көп таралған нысандарын (кардиология, ревамтология, пульманология, эндокринология, гастрэнетерология, неврология, нефрология, оториноларингология, офтальмология, дерматовенерология) диагностикалау және емдеу;
Тармақша 6
6) жас ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық екпелердің кестесін әзірлеу;
Тармақша 7
7) екпелер алдында балаларды тексеріп-қарау;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен халықтың нысаналы тобына профилактикалық тексеріп-қараулар (скринингілік зерттеулер) өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) пациенттерді, оның ішінде диспансерлік пациенттерді айғақтары бойынша бейінді мамандардың консультациясына жіберуді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) пациенттерді жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу;
Тармақша 12
12) стационарды алмастыратын көмекті, оның ішінде үйде көрсету;
Тармақша 13
13) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын беру;
Тармақша 14
14) бейінді денсаулық мектептерін ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) тиісті құжаттаманы ресімдеу мен медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау;
Тармақша 16
16) дәрілік заттарды тағайындау, дәрілік препараттардың дозасын және ішу ұзақтығын есептеу;
Тармақша 17
17) барлық алғашқы тағайындалған дәрілік заттарға, оның ішінде аурудың созылмалы нысандары бар науқастарға ТМККК шеңберінде берілетін тегін дәрілік заттарға рецептерді жазып беру;
Тармақша 18
18) науқастың орта медицина персоналының дәрігерлік тағайындауларды уақтылы және сапалы орындауын бақылау;
Тармақша 19
19) тіркелген халықты тексеріп-қарау мен емдеу сабақтастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) үйдегі өлім туралы куәлікті белгіленген тәртіппен беру;
Тармақша 21
21) халыққа салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық білім беру жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 22
22) созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультация беру;
Тармақша 23
23) статистикалық есептілікті және есеп беруді жүргізу;
Тармақша 24
24) статистикалық деректерді талдау;
Тармақша 25
25) ЭКГ жүргізу және нәтижелерін түсіндіру;
Тармақша 26
26) пикфлоуметрия жүргізу және нәтижелерін түсіндіру;
Тармақша 27
27) спирометрияны түсіндіру;
Тармақша 28
28) барлық зертханалық және диагностикалық зерттеулерді түсіндіру;
Тармақша 29
29) жараларды алғашқы хирургиялық тазарту;
Тармақша 30
30) жұмсақ таңышты салу;
Тармақша 31
31) сүйектердің, аяқ-қолдың, омыртқаның сынығы кезінде көліктік иммобилизация;
Тармақша 32
32) бетінде ораналасқан бөгде денелерді алып тастау;
Тармақша 33
33) инъекциялардың барлық түрлері;
Тармақша 34
34) құлақтың шалғыштығын және көздің жітілігін айқындау кіреді.
Тармақша 35
35) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген бейіндер бойынша медициналық көмек көрсету кезінде қиын емес хирургиялық манипуляцияларды, аспаптық және функционалдық зерттеулерді жүргізу.
Тармақ 4
4. Дәрігерлік амбулаторияның күндізгі стационар дәрігерінің функционалдық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) күндізгі стационар жағдайында емдеуге жіберілген науқастарды қабылдау жүргізу;
Тармақша 2
2) пациенттер денсаулығының жай-күйін бағалау және емдеуді түзету мақсатында күнделікті дәрігерлік тексеріп-қарауларды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) қолданыстағы ережеге сәйкес пациенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығын сараптау және науқастарды уақтылы ДК-ға жолдау;
Тармақша 4
4) күндізгі стационар науқастарының медициналық карталарын ресімдеу;
Тармақша 5
5) мейіргердің медициналық құжаттаманы жүргізуін бақылау;
Тармақша 6
6) орта және кіші медицина персоналының жұмысын бақылауды және басшылық етуді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 5
5. Дәрігерлік амбулаторияның әлеуметтік қызметкерінің функционалдық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес әлеуметтік көмекке, қорғауға және қызмет көрсетуге жеке мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау үшін жекелеген адамдар мен топтарға көмек көрсету;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызмет көрсетудің шегінде әртүрлі секторлармен жұмыс істеу (балалар, отбасылар, қарттар және т.б.);
Тармақша 3
3) әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдармен (үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен) әріптестікте жұмыс істеу;
Тармақша 4
4) қызметті жүзеге асыру және оның сапасын арттыру үшін қажетті оқыту мен тренингтерді өткізу;
Тармақша 5
5) әлеуметтік жұмысты басқару, жоспарлау бойынша әкімшілік функцияларды орындау кіреді.
Тармақ 6
6. Дәрігерлік амбулаторияның СӨС бойынша маманының функционалдық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) қажетті оқыту-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету және санитариялық-ағарту іс-шараларының бағдарламаларына қатысу;
Тармақша 2
2) жекелеген бейіндер бойынша денсаулық мектептеріне тыңдармандарды қабылдауға және оның жұмысын ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 3
3) аурудың созылмалы нысандары бар және аурудың жоғары қаупі бар адамдар арасында гигиеналық оқыту бойынша топтық және жеке жұмыс жүргізу;
Тармақша 4
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру және гигиеналық оқыту бойынша жұмыс жүргізу;
Тармақша 5
5) теледидарда, радиода, бұқаралық ақпарат құралдарында, білім беру ұйымдарында және т.б. салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
Тармақша 6
6) медицина қызметкерлерін халықты гигиеналық тәрбиелеу бойынша іс-шараларды өткізуге даярлау үшін әдістемелік, көрнекі және басқа да материалдарды іріктеу және сақтау кіреді.
Тармақ 7
7. Дәрігерлік амбулатория психологының функционалдық міндеттеріне:
Тармақша 1
1) науқастардың психикалық денсаулығын қалпына келтіруге және тұлғалық дамуының ауытқуларын түзетуге бағытталған жұмысты жүргізу;
Тармақша 2
2) психопрофилактика, психотүзету, науқастарға психологиялық консультация беру бойынша жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) науқастарға және олардың туыстарына, жеке, кәсіби және тұрмыстық психологиялық проблемаларды шешуге көмек көрсету;
Тармақша 4
4) медицина персоналын медициналық, әлеуметтік психология және деонтология мәселелеріне оқыту бойынша жұмыс жүргізу кіреді.
Басқа 2. МСАК деңгейінде медициналық қызметтердің ең төменгі көлемі
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ережеге 2-қосымша МСАК деңгейінде медициналық қызметтердің ең төменгі көлемі Осы Амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының халыққа медициналық қызмет көрсету көлемінің нормативтері МСАК деңгейіндегі медициналық қызметтердің ең төменгі көлемінің тізбесін қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы практика дәрігерінің, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр/акушер-гинекологтың МСАК және үйде қабылдауы;
Тармақша 2
2) учаскелік қызмет/жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің орта медицина қызметкерлерінің МСАК және үйде дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
Тармақша 3
3) денсаулықты қорғау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұтымды және саламатты тамақтану мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (скринингтік зерттеулер);
Тармақша 5
5) әлеуметтік қызметкердің МСАК ұйымдарында қабылдауы және әлеуметтік патронаж;
Тармақша 6
6) психологтың қабылдауы: жеке және топтық консультация беру;
Тармақша 7
7) отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 8
8) профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту;
Тармақша 9
9) созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасыларының мүшелерін өз-өзін бақылауға, өзіне және бір-біріне көмек көрсетуге үйрету;
Тармақша 10
10) созылмалы аурулар бар адамдарға телефон бойынша консультация беру;
Тармақша 11
11) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде нәрестелерді патронаждау;
Тармақша 12
12) ауруларды және оның асқынуларын стандартқа сәйкес аурулардың созылмалы нысандары бар науқастарды динамикалық бақылау арқылы бірінші және қайталама профилактикалу;
Тармақша 13
13) персоналмен және халықпен семинар-тренингтерді өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) тістерді және ауыз қуысының шырышты қабығына күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқыту;
Тармақша 15
15) балаларға мектепке дейінгі білім беру балалар ұйымдары балаларының, орташа жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру;
Тармақша 16
16) жүкті және босанған әйелдерді емдеу мен патронаж;
Тармақша 17
17) зертханалық-аспаптық, оның ішінде экспресс-диагностика әдісімен зерттеулерді жүргізу: клиникалық зерттеулер (лейкоформуламен қанның жалпы талдауы, гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіш, лейкоциттер, ЭТЖ, тромбоциттер, қанның ұю уақыты, маляриялық плазмодийге қан, несептің жалпы талдауы, Нечипоренко бойынша несеп, несептегі өт пигменттері, несептегі ақуыз, несептегі қант); биохимиялық, оның ішінде экспресс-әдіс пайдаланылатын зерттеулер (АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, глюкоза, несепнәр, холестерин, триглициридтер, креатинин); қанды маляриялық плазмодийге талдау; нәжісті жұмыртқаларға/ішекқұртына, копроскопия, жұмыртқаларға/ішекқұртына қарынды; тазалық дәрежесіне және бактериологиялық зерттеуге гинекологиялық сүртінді; қынап сүртіндісіне микроскопия; КБ бактерископиялық қақырық; иммунохимиялық зерттеу (экспресс-әдіспен гемокульт-тест); микрореакция; электрокардиография; құлақтың шалғыштығын, көру жітілігін, көз ішінің қысымын айқындау; 15 жастан бастап флюорография. Ем-шаралар және манипуляциялар:
Тармақша 1
1) вена ішілік, бұлшық ет, тері асты инъекциялары;
Тармақша 2
2) дәрілік заттарды венаішілік тамшылатып енгізу;
Тармақша 3
3) қанды АИТВ инфекциясына және Вассерман реакциясына (RW) жинау;
Тармақша 4
4) туберкулезді (КБ) айқындау үшін қақырықты жинау;
Тармақша 5
5) микробиологиялық зерттеулерге материалды жинау;
Тармақша 6
6) аталған деңгейде орындалмайтын клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және басқа зерттеулерге биологиялық материал жинау;
Тармақша 7
7) стационарды алмастыратын көмек көрсету, оның ішінде үйде; 18 жасқа дейінгі балаларды физиотерапиялық емдеу;
Тармақша 8
8) дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау;
Тармақша 9
9) қынап санациясы;
Тармақша 10
10) тазалық дәрежесіне және онкоцитологияға сүртінді алу;
Тармақша 11
11) жатырішілік спираль енгізу және алып тастау.