О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Бухар-Жырауского района от 5 марта 2012 года № 05/01 "О мерах по организации социальных рабочих мест в Бухар-Жырауском районе в рамках Программы занятости 2020" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-11-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірде N 14 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының тақырыбындағы "Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы аясында" деген сөздер алынып тасталсын; қаулының 1 тармағы алынып тасталсын; қаулының 2 тармағында "(бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы)" сөздерден кейін "және "Бұқар жырау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі)" деген сөздермен толықтырылсын, "Жұмыспен қамту орталығында" деген сөздерден кейін "және Жұмыспен қамту бөлімінде" деген сөздермен толықтырылсын; қаулының 3 тармағында "республика бюджеті" деген сөздер "республика және жергілікті бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын; қаулының 4 тармағында "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздерден кейін ", Жұмыспен қамту бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.