О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/01 «Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования на реках Матак, Жарлы, Каркаралинка Карагандинской области» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/01 «Қарағанды облысының Матақ, Жарлы, Каркаралинка өзендерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырдағы №87 (21 294) «Орталық Қазақстан» және 2012 жылғы 29 мамырдағы №63 (21 227) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Қарағанды облысының Матақ өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу» және «Алайғыр» БК» Жауапкершілік шектеулі серіктестігі флотоконцентрат қоймасы бар теміржол тұйығының іргелес аумағында құрылысы жоспарланып отырған Матақ өзені арнасының учаскесінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу» жобасын түзету;».
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің төрағасы
_______________ А. С. Есмағамбетова
«_____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________М. С. Аккожин
«_____» ______________