О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 5 апреля 2012 года № 11/12 «Об оказании дополнительного вида социальной помощи в виде дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам 1, 2 группы, нуждающимся в посторонней помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/12
«Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі 11/12 «Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1907 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
4-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«2 топтағы мүгедектерге басқа адамның көмегіне мұқтаждығы жөнінде дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімінің үзіндісі.»;
4-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.