О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил организации работы автоматизированных станций измерения» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында: 8-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) жүріп өтетін автокөлік құралдарын тіркеу, кейін тиісті мәліметтерді интеллектуалды көлік жүйесіне (бұдан әрі - ИКЖ) және/немесе көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесіне (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) жіберу;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) маршрут бойынша тасымалдау қашықтығын айқындамай, автокөлік құралдарының (автобустарды, шағын автобустарды және жеңіл автомобильдерді қоспағанда) рұқсат етілген салмақтық және/немесе габариттік параметрлерінің асып кетуін анықтау;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталыққа (бұдан әрі – Ахуалдық орталық), ИКЖ және/немесе КДҚ АТЖ-ге жіберу;»; 9-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі айқындалады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және/немесе габариттік параметрлері айқындалады, көлік құралын толық қамту үшін жүріп өтуді фотофиксациялау және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің фотосуретінің тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) өлшеу нәтижелері бойынша жүргізушіні немесе тасымалдаушыны хабардар ету мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған жерде визуалды шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан ауыспалы ақпарат тақтасында автокөлік құралының (автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі және салмақтық-габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат);»; 9-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9-1. Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде, стационарлық типтегі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерінің өлшенуін қамтамасыз етеді: 1) белгіленген жол белгілеріне сәйкес бөлінген жолақ бойынша жүру; 2) автоматтандырылған өлшеу станциясында автокөлік құралының салмақтық габариттік өлшемінен өту; 3) автоматтандырылған өлшеу станцияларымен анықтаған бұзушылықтарды жою автомобиль жолының жақын маңындағы жол жиегінде немесе автотұрақта жүзеге асырылады.»; 14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар: 1) стационарлық типтегі автоматтандырылған өлшеу станциялары орналасқан аумақты; 2) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы (автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі және салмақтық габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат) автокөлік құралының жүргізушісін көзбен шолып хабардар етуді қамтамасыз ететін жабдықтар орнатуды; 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыспалы ақпарат тақтасы параметрлеріне сәйкес ауыспалы ақпарат таблосын; 4) автоматтандырылған өлшеу станцияларының қолдану аймағында жол белгілерін орнатуды; 5) автоматты режимде жұмыс істейтін және автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісін, фронтальды бейнесін, жалпы түрін (алдыңғы көрінісі, бүйірлік көрінісі, алдыңғы мемлекеттік тіркеу белгісі) анықтай отырып, фото - және бейнежазба функциялары бар арнайы техникалық құралдарды (сервері қорғалған қалқанда орналастырылған) автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы өту сәтінде орнатуды; 6) жол жабынының қаттылығын қамтамасыз ететін таразы жабдығын орнату орнына дейін ұзындығы 100 метрден кем емес бөлінген жолақ бойынша бетондалған және/немесе асфальтталған, сондай-ақ автомобиль жолының жиегіне автокөлік құралы доңғалақтарының шығуын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған жерге дейін және одан кейін екі жағынан таразы жабдығы бойымен ұзындығы кемінде 7 метр қоршауды қамтамасыз ететін жол жабыны.»; мынадай мазмұндағы 16 тармақпен толықтырылсын: «16. Автоматтандырылған өлшеу станциясының дұрыс жұмыс істемеу фактілері анықталған жағдайда және/немесе техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде Ұлттық оператор және/немесе жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларды қабылдайды: 1) жабдықты дереу өшіреді; 2) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органды ажырату туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді; 3) жабдықтың ақаулары еркін нысанда көрсетіле отырып, «Автоматтандырылған өлшеу станцияның ақауы туралы актіні (атауын)» жасайды; 4) жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін жедел қалпына келтіреді; 5) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органды қосылу күні мен уақыты туралы хабардар етеді; 6) жабдықты осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес хабарламада белгіленген мерзімде қосады. Автоматтандырылған өлшеу станциясының дұрыс емес жұмысы туралы уақтылы хабарлауды және қажетті шараларды қабылдауды Ұлттық оператор және/немесе жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.»; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамалары
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 452 бұйрығына 1-қосымша Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамалары
Тармақ 1
1. АӨС автокөлік құралдарының қозғалысын өлшеуге, мынадай параметрлерін өңдеуге және беруге мүмкіндік беретін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының кешенін, аспаптар мен жабдықтардың, аппараттық-бағдарламалық кешенін қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы салмағы;
Тармақша 2
2) бір осіне жүктеме;
Тармақша 3
3) бір аспасында орналасқан осьтер тобына жүктеме;
Тармақша 4
4) осьтер тобындағы әрбір оське жүктеме;
Тармақша 5
5) осьтері арасындағы қашықтық;
Тармақша 6
6) осьтер саны;
Тармақша 7
7) республикалық маңызы бар жолдардағы габариттік параметрлері;
Тармақша 8
8) автокөлік құралының сыныбы (типі);
Тармақша 9
9) МТНБ тану;
Тармақша 10
10) қозғалыс жылдамдығы.
Тармақ 2
2. АӨС жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуі жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмейді және/немесе кедергі жасамайды, оның ішінде белгіленген жылдамдық шеңберінде автокөлік ағынының қозғалыс жылдамдығына әсер етпейді.
Тармақ 3
3. Автокөлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін өлшеу жолға орнатылған мынадай арнайы өлшеу сенсорларының көмегімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін дәл өлшеуге қабілетті, дәлдігі жоғары және сенімді құрылғылары бар өлшеу сенсорлары;
Тармақша 2
2) жолдың белгілі бір бөлігінде орнатылған сенсорлар жол жамылғысы. Олар дәл өлшеуді қамтамасыз ету үшін автокөліктің әрбір доңғалақ жиегі олардың үстінен өтетіндей етіп орналастырылады;
Тармақша 3
3) сенсорлар арнайы датчиктермен жабдықталады, олар салмақ пен осьтік жүктемелерді, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде көлік құралының мен габариттерін тіркейді;
Тармақша 4
4) қоршаған орта әсеріне төзімді, зақымданудан қорғалған және автокөлік құралдарының өтуіне кедергі келтірмейтін сенсорлар.
Тармақ 4
4. Өлшеу нәтижелерін қасақана бұрмалау фактілеріне жол бермеу мақсатында таразы жабдығы мен оның бағдарламалық қамтамасыз етуінде автокөлік құралдарының дұрыс жүрмеуін айқындаудың мынадай функциялары болады:
Тармақша 1
1) көлік құралының тиісті типі үшін белгіленген шектеулерді ескере отырып, көлік құралының жүру жылдамдығын мониторингілеу және талдау;
Тармақша 2
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде көлік құралының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша бұзушылықтарды анықтауды қоса алғанда, көлік құралының габариттерінің осы жол учаскесі үшін жол берілетін нормаларға сәйкес келмеуін айқындау;
Тармақша 3
3) барлық жүрулерді және күні, уақыты, көлік құралының түрі және оның габариттері сияқты тиісті деректерді тіркеу.
Тармақ 5
5. АӨС көлік жүктемесін талдауға сәйкес, көлік қозғалысының деңгейі жоғары жол учаскелеріне, әсіресе жүк көлігі көп жүретін учаскелерде, оларды айналып өту, сондай-ақ көлік құралдарының жол жамылғысынан тыс жол жиегіне шығу мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде орнатылады.
Тармақ 6
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының нақты габариттік параметрлерін өлшеу оның барлық осьтерінің біркелкі орналасуын қамтамасыз ететін жол төсемінің немесе өзге алаңның бетінен ұзындығы, ені және биіктігі бойынша екі шеткі нүктенің бекітілуін ескере отырып, дәлдігі жоғары лазерлік өлшеу жүйелерінің көмегімен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. МТНБ тану автоматты түрде автокөлік құралының өлшеу аймағын кесіп өту кезінде бейнекамерадан алынған автомобильдің фотосуреті және/немесе бейне ағыны негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АӨС өлшеу сенсорлары мен фото-, бейнетіркеу жабдықтарының деректері негізінде жол қозғалысы қағидаларының мынадай бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді:
Тармақша 1
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерінен асып кетуі;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарының белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету;
Тармақша 3
3) жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды бұзу;
Тармақша 4
4) автокөлік құралдарының АӨС арқылы дұрыс өтпеуін айқындау (дұрыс емес өтпеге күрт үдеу және тежеу, бұлғау, жол таңбалау сызығынан және/немесе таразы жабдығының орналасу шекарасынан шығу, қарама-қарсы бағытта жүру, алда келе жатқан көлік құралымен аралықты сақтамау жатады).
Тармақ 9
9. Автокөлік құралдарының жол жүруі туралы, оның ішінде жол берілетін, АӨС бекітілген салмақ және габариттік параметрлерден асуы туралы ақпарат ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес қолжетімді цифрлық байланыс арналары арқылы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның АЖ-не беріледі.
Тармақ 10
10. АӨС пайдалану кезінде ақпараттың сақталуы мынадай авариялық жағдайлар кезінде қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) кернеудің сәтсіздіктері – қуатты тұтынушылардың қосылуына байланысты электр желісіндегі жүктеменің күрт артуы кезінде қысқа мерзімді төмендеулер;
Тармақша 2
2) жоғары вольтты импульстар – жақын найзағай разрядынан немесе авариядан кейін қосалқы станцияда кернеудің қосылуынан туындайтын кернеудің қысқа мерзімді елеулі ұлғаюы;
Тармақша 3
3) электр энергиясын толық ажырату – электр станциясындағы авариялар, ауыр жүктемелер салдарынан электр энергиясын толық ажырату;
Тармақша 4
4) жоғары кернеу – қуатты тұтынушылардың ажыратылуынан туындайтын желідегі кернеудің қысқа мерзімді ұлғаюы;
Тармақша 5
5) жиіліктің тұрақсыздығы – әдетте, энергия жүйелеріндегі әртүрлі шамадан тыс жүктемелерден туындайтын;
Тармақша 6
6) байланыс арналарының бұзылуы немесе істен шығуы;
Тармақша 7
7) қатты магниттік дискілердегі жинақтауыштардың істен шығуы мен істен шығуын қоса алғанда, АӨС толық немесе ішінара істен шығуы;
Тармақша 8
8) бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы ақау.
Тармақ 11
11. Алынған мәліметтер көлік құралының өлшенетін параметрлерін есептеу үшін жергілікті мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен өңделеді.
Тармақ 12
12. АӨС таразы жабдығы 1-кестеде көрсетілген таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді. 1-кесте. Таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптар № Си­патта­ма ата­уы Си­патта­ма 1 Пай­да­ла­ну ор­нын­да ор­на­ту әді­сі ста­ци­о­нар­лық 2 Жүк қа­был­дау құ­ры­л­ғы­сы­ның тү­рі ось­а­ра­лық қа­шық­тық пен ось­тер­дің са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес ке­неп­ке са­лы­на­тын ор­на­ла­сты­ру 3 Са­нақ құ­ры­л­ғы­сы­ның тү­рі дис­крет­ті 4 Жүк қа­был­дау құ­ры­л­ғы­сын ор­на­ту жү­ріс бө­лі­гі­нің дең­гей­ін­де ось­а­ра­лық ара­қа­шық­тық­ты және ось­тер­дің са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес шұң­қыр 5 Тәу­лі­гіне өл­шеу са­ны шек­тел­ме­ген 6 Жұ­мыс ре­жи­мі қар­қын­ды 7 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы мас­са­сын өл­шеу диа­па­зо­ны ке­мін­де 400 кг-нан 120000 кг-ға дей­ін 8 Доң­ға­лақ­тар­дың га­ба­ри­тін бе­кі­ту мүм­кін­ді­гі иә 9 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның осіне ең аз жүк­те­ме кем де­ген­де 1000 кг-нан 20000 кг-ға дей­ін 10 Дис­крет­ті­лік (d) 10 кг 11 Пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы мас­са­сын өл­шеу ке­зін­де жі­бе­рі­ле­тін қа­те­лік­тің ше­гі ± 7% 12 Бір ось­ке жүк­те­ме­ні өл­шеу ке­зін­де, пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лік шек­те­рі ± 10% 13 Ось­тер то­бы­на жүк­те­ме­ні өл­шеу ке­зін­де, пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лік шек­те­рі ± 10% 14 МТНБ анық­та­удың мак­си­мал­ды уа­қы­ты 10 с ар­тық емес 15 Жұ­мыс тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның диа­па­зо­ны -50 oC-тан +60 oС-қа дей­ін 16 Ылғал­ды­лық­тың жұ­мыс диа­па­зо­ны 30 – 100 % 17 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ось­а­ра­лық қа­шық­тығ­ын қа­те­лік­пен өл­шеу +/- 50 мм 18 Ай­ны­ма­лы ток электр қу­а­ты­ның па­ра­метр­ле­рі: кер­неу жи­і­лі­гі тұ­ты­ну 187 В ба­стап 242 В дей­ін 49 Гц-тен 51 Гц-ке дей­ін 950 Вт ар­тық емес 19 Қор­ғау дә­ре­же­сі: Сал­мақ сен­сор­ла­ры Сал­мақ өл­шеу құ­рал­да­ры Ап­па­рат­тық шкаф IP68 кем емес IP66 кем емес IP65 кем емес 20 Жо­лақ­та­ғы жүк­те­ме дат­чик­те­рі­нің са­ны Ось­а­ра­лық қа­шық­тық пен ось­тер са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес 21 Жүк­те­ме кон­трол­ле­рін­де­гі тәу­ел­сіз ар­на­лар са­ны Өн­ді­ру­ші­нің құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес, бі­рақ ке­мін­де 8 22 Рұқ­сат­сыз өзге­рі­стер­ден, бұр­ма­ла­ну­лар­дан, де­ректер­ді жо­ю­дан қор­ғау иә 23 МТНБ та­ну ка­ме­ра­ла­ры Ка­ме­ра­ға ор­на­ты­л­ған МТНБ та­ну бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­мен 24 Жал­пы кө­рі­ні­сті қа­рау ка­ме­ра­сы Ке­мін­де 4 Мп
Тармақ 13
13. АӨС бағдарламалық жасақтамасының функционалдығы:
Тармақша 1
1) өлшеу учаскесінде жол жүрісінің белгіленген қағидаларын шектемей, қозғалыстағы АҚ параметрлерін өлшеу.
Тармақша 2
2) алынған ақпаратты жергілікті деректер базасында сақтау;
Тармақша 3
3) деректерді іргелес жүйелерге беру және интеграциялау;
Тармақша 4
4) пайдаланушыны жүйенің жай-күйі туралы кейіннен хабардар ете отырып, жүйе жабдығының автоматтандырылған диагностикасы;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 6
6) аппараттық деңгейдегі қорғау деңгейі;
Тармақша 7
7) шығыс деректерін ұсыну (ең аз тізбе): автокөлік құралының толық салмағы; осьтер туралы ақпарат (доңғалақтар мен осьтерге жүктеме, ось аралық қашықтық, осьтер саны); жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезіндегі автомобильдің жылдамдығы мен өлшемдері; қозғалыс бағыты; теңгерімсіздік (%- дағы сол/оң айырмашылық); көлік құралдары арасындағы уақыт (қозғалыс тығыздығы); дұрыс емес жол жүру және салмақ өлшеуден жалтару; автокөлік құралдарының жіктелуі.
Тармақша 9
9) әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы электрондық нұсқама жасау үшін «ӘІБТ» ПО-мен одан әрі интеграциялау үшін КДҚ АТЖ-ға ақпарат беру мүмкіндігі.
Тармақ 14
14. АӨС таразы жабдықтары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) сыртқы әсерлерге төзімділік: сыртқы ортаның климаттық факторларының әсеріне төзімділігі бойынша таразы КСҚ 4.2 санатының МЕМСТ 15150 орындалуына сәйкес келеді; қоршаған ортаның әсерінен қорғалған таразы МЕМСТ 12997 стандартына сәйкес келеді.
Тармақша 2
2) сенімділік көрсеткіші (таразылардың істен шығу өлшемшарты ретінде олардың жұмыс істеуінің бұзылуы және/немесе метрологиялық сипаттамалардың нормаланатын мәндеріне сәйкес келмеуі қабылданады): таразының орташа қызмет ету мерзімі – кемінде 5 жыл; 2000 сағат ішінде жұмыс істеу ықтималдығы – 0,99 %.
Тармақша 3
3) қауіпсіздік: таразы конструкциясына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.003 стандартына сәйкес келеді; таразы электр жабдықтарына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.007.0 стандартына сәйкес келеді; таразыны қорғау жерге тұйықтауға қойылатын талаптар МЕМСТ 12.1.030 стандартына сәйкес келеді; қалыпты жағдайда МЕМСТ 12997 бойынша қоршаған ауа температурасы минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейін және салыстырмалы ылғалдылығы 30%-дан 80%-ға дейін кез келген күштік электр тізбектері мен корпус арасындағы оқшаулаудың электрлік кедергісі кемінде 20 Мом сәйкес келеді; минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейінгі қоршаған ауа температурасында және 30%-дан 80%-ға дейінгі салыстырмалы ылғалдылықта электр тізбектері мен корпус арасындағы электрлік оқшаулау бір минут ішінде бұзылмай және беттік қабаттасусыз 1500 В айнымалы ток кернеуіне төтеп береді.
Тармақ 15
15. АӨС МТНБ-ні кем дегенде 95% дәлдікпен анықтау мүмкіндігіне ие.
Тармақ 16
16. Жабдықты дайындаушы зауыт белгілеген жылдамдықта АӨС әрекет ету аймағында автокөлік құралдарының жүруі кезінде салмақ габариттік параметрлерін өлшейді.
Тармақ 17
17. АҚ дұрыс емес өтуін анықтаған кезде кескінді өңдеу және компьютерлік көру алгоритмі қолданылады, бұл көлік құралының кадрдағы қозғалысын анықтауға және оның қозғалыс траекториясын дәйекті кадрлар негізінде есептеуге мүмкіндік береді, немесе АӨС қолданылатын аймақта көлік құралының жүріп өтуінің бейнежазбасы пайдаланылады.
Тармақ 18
18. Өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес өлшеу құралдарын тексеруді жүргізуге ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген тексеру зертханасы орындаған көлік құралының динамикалық және статикалық параметрлерін өлшеудің автоматты жүйелерін метрологиялық тексеру туралы оң нәтижелері сертификаттары бар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі уәкілетті органдардың нұсқамалары.
Тармақ 19
19. Республикалық жолдарда АӨС арқылы өту кезінде алдынан қозғалатын көлік құралымен қозғалыс аралығын кемінде 30 метр сақтау талап етіледі. Аббревиатуралардың толық жазылуы: АӨС – автоматтандырылған өлшеу станциясы; МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі; АҚ – ақпараттық жүйе; кг – килограмм; oС – Цельсий градусы; % – пайыз; В – вольт; Гц – герц; Вт – ватт; с – секундтар; мм – миллиметр; БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету; Мп – мегапиксель; АҚ – автокөлік құралы; КДҚ АТЖ – Көліктік деректер қоры ақпараттық-талдамалық жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі; «ӘІБТ» ПО – «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» процессингтік орталығы; ҚСК – қоңыржай және суық климат; Мом – мегаом.
Басқа 2. Айнымалы ақпарат тақтасының параметрлері
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 452 бұйрығына 2-қосымша Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Айнымалы ақпарат тақтасының параметрлері № Па­ра­метр ата­уы Си­патта­ма 1 Өл­шем 960х1920 мил­ли­метр­ден кем емес 2 Қа­ріп өл­ше­мі P10 кем емес 3 Қор­ғау дә­ре­же­сі IP65 4 Жұ­мыс тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның диа­па­зо­ны -50 0C-тан +60 0C-қа дей­ін 5 Көр­се­ті­ле­тін ақ­па­рат Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі Сал­мақ өл­шем­де­рі­нің ар­туы 6 Ақ­па­рат­тық тақ­та­ны ор­на­ту ор­ны Ор­на­ту учас­ке­сін­де ор­на­ты­л­ған жыл­дам­дық ре­жи­мін ес­ке­ре оты­рып, қоз­ға­лыс ба­ғы­ты бой­ын­ша ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­сы­нан кей­ін 90-200 метр.