О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 929 "Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства о рождении" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 738-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Туу туралы куәлікті азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – тіркеуші орган) ресімдейді және береді.»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Туу туралы куәліктің нысаны «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген».».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.