О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 декабря 2014 года № 129 «Об утверждении Правил разработки или корректировки, проведения необходимых экспертиз инвестиционного предложения государственного инвестиционного проекта, а также планирования, рассмотрения, отбора, мониторинга и оценки реализации бюджетных инвестиций и определения целесообразности бюджетного кредитования» и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахста Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізу:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында: Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде: 1 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер (олар қажет болғанда) көлемі жекеше әріптес (концессионер) жобаны іріктеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті немесе меншікті және қарыз ақша қаражатының сомасынан аспауға тиіс. Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті немесе меншікті және қарыз ақша қаражатының қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі (концессия объектісі) құнының кемінде жиырма пайызын құрайды;».
Тармақша 2
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 1 қосымша
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 2 қосымша
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 3 қосымша
Басқа 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 4 қосымша
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 5 қосымша
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 6 қосымша
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 Бұйрыққа 7 қосымша