О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 32 «Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 32 «Об утверждении норм снабжения служебными животными Пограничной службы и Пограничной академии Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 71/қе
- Қабылданған күні
- 14.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2022 173130_598187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22KN000071
- ЭКБ идентификаторы
- 173130
- Редакция идентификаторы
- 173130_598187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:27
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларында:
1-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын жылқылармен жабдықтау нормасы»:
ескертпенің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жылқының шекті жасы – 15 жыл»;
2-тарауда. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын иттермен жабдықтау нормасы»:
ескертпенің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Иттің шекті жасы – 8 жыл 3 ай».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛIСIЛДI
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
«___» ___________ 20__ жыл