О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында: 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);»; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 9-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 13-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _____________ Д. Абаев 2017 жылғы 10 қаңтар
Басқа 1. Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 9-қосымша Әлеуметтік келісімшартқа қосымша Нысан Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар Ауданның/қаланың ___________________ халықты жұмыспен қамту орталығы Көмекті алушы:_____________________________________________ _______________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұратын мекенжайы) Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: _______________________ Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: ____________________ Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20__жылғы _________ бастап 20__ жылғы ____ іс-шаралар жоспары (айын көрсету) Р/с№ Іс-шараның атауы Шаралар көрсету жоспарла-натын адамның тегі, аты, әкесінің (бар болса) Білімі (жоғары, арнайы орта, орта) Берілген жолдама бойынша кәсіпорын-ның атауы (АҚ, ЖШС, ЖК, КШ және т.б.) Кәсіп-орын-ның БИН/ ЖСН Іс-шараны орындау-дың басталу мерзімі Ескертпе: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағымен көзделген не тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру шаралары бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу шаралары Р/с№ Іс-шараның атауы Шаралар көрсету жоспарла-натын адамдардың тегі, аты, әкесінің (бар болса) Іс-шараны орындау-дың басталу мерзімі Әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну үшін негіздер Ескертпе: Осы бұйрықтың 10-қосымшасымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбесіне сәйкес қажеттілік бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады. Халықты жұмыспен қамту орталығы ____________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) ________________________________ (мекенжайы, телефон, факс) ________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) Мөр орны Шартты ақшалай көмек төлеуге өтініш беруші _____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басты куәландыратын құжатының нөмірі мен күні, кім берді) _____________________________ (тұрғылықты мекенжайы және телефоны) _____________________________ (қолы)
Басқа 2. Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 13-қосымша Әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қосымша Нысан Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар Ауданның/қаланың ___________________ халықты жұмыспен қамту орталығы Көмекті алушы:_____________________________________________ _______________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұратын мекенжайы) Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: _______________________ Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: ____________________ Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20__жылғы _________ бастап 20__ жылғы ____ іс-шаралар жоспары (айын көрсету) Р/с№ Іс-шараның атауы Шаралар көрсету жоспарла-натын адамның тегі, аты, әкесінің (бар болса) Білімі (жоғары, арнайы орта, орта) Берілген жолдама бойынша кәсіпорын-ның атауы (АҚ, ЖШС, ЖК, КШ және т.б.) Кәсіп-орын-ның БИН/ ЖСН Іс-шараны орындау-дың басталу мерзімі Ескертпе: «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағымен көзделген не тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру шаралары бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу шаралары Р/с№ Іс-шараның атауы Шаралар көрсету жоспарла-натын адамдардың тегі, аты, әкесінің (бар болса) Іс-шараны орындау-дың басталу мерзімі Әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну үшін негіздер Ескертпе: Осы бұйрықтың 10-қосымшасымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбесіне сәйкес қажеттілік бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады. Халықты жұмыспен қамту орталығы Шартты ақшалай көмек төлеуге өтініш беруші (халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _______________________________ _______________________________ _______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________ (қолы) _____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні, кім берді) _____________________________ (қолы)