О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи и предоставления гарантированного социального пакета» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамға (отбасына) берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары; 2) ассистент – Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері; 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері; 4) әлеуметтік бейімдеу шаралары – «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені; 5) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы; 6) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу; 7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі – консультант) – Халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері; 8) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді; 10) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі; 11) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 12) жиынтық табыс – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі; 14) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек; 15) көрсетілетін қызметті беруші – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; 16) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі; 17) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар); 18) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган); 19) учаскелік комиссия – «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия; 20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия; 21) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия; 22) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары; 23) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді. Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді. Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің, тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық тиісті жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттардың немесе әкімнен алынған құжаттар топтамасының және учаскелік комиссия қорытындысының негізінде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде: 1) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрін айқындайды: шартсыз немесе шартты ақшалай көмек; 2) адамның (отбасының) жиынтық табысын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне (бұдан әрі - Жиынтық табысты есептеу ережесі) сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептейді. Адамға (отбасына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген отбасы мүшелерінің әрқайсысына қарай белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептейді. Қажет болған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) табыс бермейді деп айқындайды; 3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімінің, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешімнің электрондық жобасын (бұдан әрі - шешім жобасы) дайындайды, оған ҚЭТ қалыптастыруды тікелей жүзеге асыратын Орталық маманы ЭЦҚ-сы арқылы, Орталық құрылымдық бөлімшесінің басшысы және Орталық басшысы қол қояды; 4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініштерді электрондық тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады; 5) уәкілетті органға ҚЭТ-ты және құжаттар топтамасын береді. Шартты ақшалай көмекті айқындаған жағдайда Орталық мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер (құжаттар), тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған жазбаша түрдегі құжаттар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің немесе әкімнен құжаттар топтамасының және учаскелік комиссияның қорытындысының болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде оларды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде: 1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын айқындайды; 2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 4-бабына сәйкес отбасы құрамына кіретін бірге тұратын жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті мүшелерді Халықты жұмыспен қамту туралы заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді; 3) алынған мәліметтер мен құжаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға: шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемі; ұсынылуы туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын және әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету кезінде шартты ақшалай көмек тағайындауды келісу үшін береді. Аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның шешімдері учаскелік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және оларды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына жіберіледі. Учаскелік комиссияның қорытындысын немесе әкімнен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу шараларын қамтитын жеке жоспар жасайды және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшарт жасайды. Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу шараларын орындау жөніндегі тараптардың міндеттемелері және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын шаралар жазылады. Орталық әлеуметтік келісімшарт жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде: 1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын, сондай-ақ тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты қоса алғанда, ҚЭТ-ты қоса бере отырып, электрондық шешім жобасын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға; 2) өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘПК) 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті тағайындау немесе көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын жібереді. Орталық өтініш берушінің алдын ала шешімге қарсылығын оны жіберген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.»; 15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) өтініш берушіні алдын ала шешім бойынша тыңдау нәтижесін ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту), сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда кепілдендік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешім (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдендік берілген әлеуметтік ұсыну немесе олардан бас тарту туралы шешім) қабылдауды жүзеге асырады, бұл туралы жазбаша, Орталық немесе әкім арқылы немесе ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы өтініш берушіні, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар етеді.»; 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «26. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы аз отбасының мынадай мүшелеріне: бірінші және екінші топтағы мүгедектерге; күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына, интерндеріне, докторанттарына, аспиранттарына; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға; үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедек балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға; тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды. үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыраушыға отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.»; 37, 38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «37. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір шешіммен ресімделеді. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген, алты жасқа толған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады. Осы Қағидалардың 38-тармағының екінші абзацында көрсетілген отбасыларға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өтініш берушінің өнім берушіні таңдауы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырылады. Өтініш берушіден кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың тапсырысын алғаннан кейін өнім беруші бес жұмыс күні ішінде порталда тапсырысты қабылдау туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі көрсетілген қызмет көрсетуден бас тарту туралы өнім берушінің ЭЦҚ-сы қойылған хабарламаны қарайды және «Алушының жеке кабинетіне» жібереді. Өнім беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште көрсетілген кепілдік берілген әлеуметтік топтама алушылардың тұрғылықты жері бойынша Порталда тапсырыс қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарлары жиынтықтарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген кезеңдерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындаған түрлер мен көлемде ұсынылады. 38. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы: бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген, алты жасқа толған балалары; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ он сегіз жасқа толған, орта білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі. 39. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде: азық-түлік жиынтықтары ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде немесе тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі; тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады. Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезде және оны тағайындау кезеңінде көрсетілетін баланың жасына байланысты анықталады. Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқитын он сегіз жасқа толған балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакет әрбір балаға енгізіледі: тиісті жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы немесе спорттық киім жиынтығы; тиісті жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектепке қажетті құралдар жиынтығы; оқу жылы ішінде мектеп күндері оқу орнында бір реттік ыстық тамақтану; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша ұсынылатын қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру.»; 41-тармақ алып тасталсын; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс берілген жағдайда Орталық, ал ауылдық елді мекенде – ауылдық округтің әкімі немесе ассистент алушыны, жеткізу күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңының 7-бабы 1-1 тармағына сәйкес қаулысында айқындалған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемі туралы хабардар етеді. Жиынтықтардың жеткізілген күнін көрсете отырып, ерікті түрдегі хабарлама кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылады немесе жіберіледі. Кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берілген жағдайда жеткізу туралы мәртебе «Алушының жеке кабинетіне» түседі.»; 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «43. Алушы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алған кезде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың бұрын берілген хабарламаға сәйкестігін, сондай-ақ «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және оны осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ведомствосында өз қолтаңбасымен растайды. Алушы қол қойған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ведомствосы жергілікті атқарушы органдардың өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы үшін негіздеме болып табылады. Ұсынылған кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға сұрақтар туындаған кезде алушы ҚР ӘПК-ға сәйкес уәкілетті органға және өзге де органдарға жүгінеді.»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмек төлемін тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Қөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол не осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілетін мекенжайлар бойынша беріледі. Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды Орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымының екінші данасында немесе шағымға ілімпе хатта қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап өтініш берушіге пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»; 1-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 1-қосымша»; 2-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 2-қосымша»; 3-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 3-қосымша»; 4-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 4-қосымша»; 5-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 5-қосымша»; 6-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 6-қосымша»; 7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 8-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 8-қосымша»; 9-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 9-қосымша»; 10-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 10-қосымша»; 11-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 11-қосымша»; 12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 13-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 13-қосымша»; 14-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 14-қосымша».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 487 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 12-қосымша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесі
Тармақ 1
1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тізбесі:
Тармақша 1
1) кәсіптік оқуға жіберу;
Тармақша 2
2) азаматтар мен қандастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жастар практикасына жіберу;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) қоғамдық жұмыстар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік бейімдеу шараларының тізбесі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шаралары;
Тармақша 2
2) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер;
Тармақша 3
3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсету;
Тармақша 4
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарының шешімдерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 5
5) мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін көрсету;
Тармақша 6
6) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу;
Тармақша 7
«7) «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген), «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік тексеріп-қараудан өту;
Тармақша 8
8) «Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11226 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар болған кезде емдеу;
Тармақша 9
9) жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылау;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету;
Тармақша 11
11) мектеп жасына дейінгі балаларды (7 жасқа дейін) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 14
14) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 487 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 12-қосымша «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның және аста­на­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы және кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі ар­қы­лы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де – Ор­та­лық құ­жат­тар топ­та­ма­сын тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­міне құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға неме­се ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ре­сім­де­ген жағ­дай­да құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі өті­ніш бе­ру­ші­ге жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­ге дей­ін ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және (неме­се) ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұзар­ты­ла­ды 2) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 3) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 4 Көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі Ор­та­лық неме­се әкім ар­қы­лы қа­ғаз тү­рін­де, сон­дай-ақ ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы, ал бас тар­ты­л­ған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, ха­бар­дар ету 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) Ор­та­лық­та – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес са­ғат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дей­ін; 2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру – са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек­ті­лік тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді. 8 Құ­жат­тар ті­зі­мі Өті­ніш­ті ал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай: 1) өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 3) бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 4) ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 5) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 6) от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы; 7) жәр­де­ма­қы­лар­ды бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­лер ту­ра­лы; 8) мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; 9) ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; 10) қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; 11) ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; 12) неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (неке­ні бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы; 13) егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; 14) та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); 15) да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 16) өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 17) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы; 18) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са); 19) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; 20) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан али­мент ту­ра­лы және (неме­се) ол бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; 21) өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; 22) мен­ші­гін­де тұр­ғын үй, үй-жай­дың бо­луы ту­ра­лы; 23) мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 24) мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі - ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да әкім неме­се Ор­та­лық ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға және (неме­се) ұй­ым­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды ре­сім­дей­ді. Өті­ніш бе­ру­ші жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ұсы­ну­ға құқы­лы. Өті­ніш бер­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­ге Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі - тір­кеу кү­ні және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі мен аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тің үз­бе­лі та­ло­ны бе­рі­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: 1) та­бысы аз адам­дар бо­лып та­был­май­тын адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға); 2) «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 17 шіл­де­де­гі № 246 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 2-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­сі жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан от­ба­сы­на – жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 3) бұ­рын жа­сал­ған әле­умет­тік ке­лі­сім­шарт бұ­зы­л­ған және (неме­се) әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тта көз­дел­ген мін­дет­те­ме­лер алушы­ның кінә­сі­нен орын­дал­ма­ған жағ­дай­да адам­ға (от­ба­сы­на) – ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы ал­ты ай ішін­де; 4) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау үшін кө­рі­неу жал­ған ақ­па­рат және (неме­се) дәй­ек­сіз құ­жат­тар ұсын­ған адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) - ұсын­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 5) учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ын тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша дай­ын­дал­ған қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­ге мұқ­таж емес адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Өті­ніш бе­ру­ші қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.