О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи и предоставления гарантированного социального пакета» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамға (отбасына) берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары; 2) ассистент – Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері; 3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері; 4) әлеуметтік бейімдеу шаралары – «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені; 5) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы; 6) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу; 7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі – консультант) – Халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері; 8) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді; 10) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға; 11) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі; 12) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 13) жиынтық табыс – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі; 15) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек; 16) көрсетілетін қызметті беруші – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; 17) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар); 18) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган); 19) учаскелік комиссия – «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия; 20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия; 21) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия; 22) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары; 23) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға; 24) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.»; 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді. Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді. Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы жүгінеді. 7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады: 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; 2) қандас мәртебесі туралы; 3) босқын мәртебесі туралы; 4) шетелдік мәртебесі туралы; 5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы; 6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы; 7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы; 8) мүгедектікті белгілеу туралы; 9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; 10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; 11) бала асырап алу туралы; 12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы; 13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы; 14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); 15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы; 16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы; 17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы; 18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса); 19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; 20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы; 21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; 22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы; 23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы; 24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы. Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады. Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді. Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын: «7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді: 1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы; 2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы; 3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы. Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. Портал арқылы электрондық өтініш келіп түскен кезде Орталық осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салуларды қалыптастырады, тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жазбаша сұрау салуларды ресімдейді. Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады. Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады. 9. Өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште өз бастамасы бойынша ұсынады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған кезде: 1) әкім бір жұмыс күні ішінде: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді; Осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі - ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады; өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді; Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді; 2) Орталық бір жұмыс күні ішінде: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. «Портал» арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі; еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді; өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбаша сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күнге дейін мерзімге ұзартылады; Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды рәсімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша сұрау салумен хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ЭҚП қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады; өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.»; 19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19-1. Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылады. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» және «Электрондық үкімет» порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) сұрау салуы бойынша ұсынылады. Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы «жеке кабинет» арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) үшінші тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді. «Порталда» жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған үшінші тұлғаның «жеке кабинетіне» жіберіледі.»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. Қөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол не осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілетін мекенжайлар бойынша беріледі. Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды Орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымының екінші данасында немесе шағымға ілімпе хатта қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген кезде шағым басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап өтініш берушіге пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»; осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Өтініштерді тіркеудің электрондық журналы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 395 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 3-1-қосымша Нысан Өтініштерді тіркеудің электрондық журналы өті­ніш № Өті­ніш­тің тір­кел­ген кү­ні Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Өті­ніш бе­ру­ші­нің тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы Учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на бе­ру кү­ні Учас­ке­лік ко­мис­си­ядан қо­ры­тын­ды­ны қа­был­дау кү­ні Жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на жі­бе­рі­л­ген кү­ні Жұ­мыспен қам­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі аудан­дық (қа­ла­лық) неме­се өңір­лік ко­мис­си­я­ның ұсы­ным­да­рын ал­ған күн Әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні Кестенің жалғасы Өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­тар па­ке­ті­мен ше­шім жо­ба­сын уәкі­лет­ті ор­ган­ға жол­дау кү­ні Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­тің тү­рі (шартсыз / шар­тты) Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау (тө­лем мөл­ше­рін өзгер­ту, тө­лем­ді тоқ­та­та тұ­ру, тө­лем­ді тоқ­та­ту, та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту) ту­ра­лы, сон­дай - ақ ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дал­ған жағ­дай­да-ке­піл­дік бе­рі­л­ген әле­умет­тік топ­та­ма ұсы­ну (ұсы­ну­дан бас тар­ту) ту­ра­лы ше­шім­нің кү­ні Та­ғай­ын­дау ке­зе­ңі (ай­мен көр­се­ту) От­ба­сы­на та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­ма­сы (тең­ге­мен) Қо­сым­ша ке­лі­сім­нің нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні Уәкі­лет­ті ор­ган­ның қо­сым­ша ке­лі­сім бой­ын­ша та­ғай­ын­дау неме­се та­ғай­ын­да­удан бас тар­ту ту­ра­лы ше­ші­мі­нің кү­ні От­ба­сы­на та­ғай­ын­дал­ған төлем­нің жал­пы со­ма­сы (тең­ге­мен)
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 395 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 12-қосымша «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның және аста­на­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық және аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі Кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі, ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – «пор­тал») 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де – Ор­та­лық құ­жат­тар топ­та­ма­сын тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­міне құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға неме­се ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ре­сім­де­ген кез­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі өті­ніш бе­ру­ші­ге жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­ге дей­ін ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және (неме­се) ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұзар­ты­ла­ды 2) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 3) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 4 Көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды/қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі Ор­та­лық неме­се әкім ар­қы­лы қа­ғаз тү­рін­де, сон­дай-ақ ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы, ал бас тар­ты­л­ған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, ха­бар­дар ету. Қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы көр­сет­кен кез­де – та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, ал бас тар­тқан жағ­дай­да – оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) Ор­та­лық­та – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес са­ғат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дей­ін; 2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру – са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек­ті­лік тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 3) «пор­тал­да» – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті ал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай: 1) өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 3) бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 4) ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 5) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 6) от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы; 7) жәр­де­ма­қы­лар­ды бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­лер ту­ра­лы; 8) мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; 9) ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; 10) қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; 11) ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; 12) неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (неке­ні бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы; 13) егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; 14) та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); 15) да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 16) өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 17) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы; 18) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са); 19) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; 20) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан али­мент ту­ра­лы және (неме­се) ол бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; 21) өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; 22) мен­ші­гін­де тұр­ғын үй, үй-жай­дың бо­луы ту­ра­лы; 23) мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 24) мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі - ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де әкім неме­се Ор­та­лық ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға және (неме­се) ұй­ым­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды ре­сім­дей­ді. Өті­ніш бе­ру­ші жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ұсы­на­ды. Өті­ніш бер­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­ге Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі - тір­кеу кү­ні және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі мен аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тің үз­бе­лі та­ло­ны бе­рі­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Пор­тал­ға: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­да­стың мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік­тің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; жәр­де­ма­қы бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­ле­рі ту­ра­лы; мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) одан тыс жер­лер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке қи­ю­ды (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу ту­ра­лы; егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са – оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; та­быст­ар ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар), да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы әле­умет­тік кө­мек, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, ең­бек қыз­ме­ті (бар бол­са) ту­ра­лы; жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; Али­мент­тер және (неме­се) олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар ту­ра­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан олар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар­ды цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: 1) та­бысы аз адам­дар бо­лып та­был­май­тын адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға); 2) «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 2-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­сі жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан от­ба­сы­на – жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 3) бұ­рын жа­сал­ған әле­умет­тік ке­лі­сім­шарт бұ­зы­л­ған және (неме­се) әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тта көз­дел­ген мін­дет­те­ме­лер алушы­ның кінә­сі­нен орын­дал­ма­ған жағ­дай­да адам­ға (от­ба­сы­на) – ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы ал­ты ай ішін­де; 4) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау үшін кө­рі­неу жал­ған ақ­па­рат және (неме­се) дәй­ек­сіз құ­жат­тар ұсын­ған адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) - ұсын­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 5) учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ын тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша дай­ын­дал­ған қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­ге мұқ­таж емес адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Өті­ніш бе­ру­ші қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да, жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау және тө­леу және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын Ке­піл­дік бе­рі­л­ген әле­умет­тік топ­та­ма­ны ұсы­ну қа­ғи­да­ла­ры бе­кі­ті­л­ген неме­се өзгер­ті­л­ген күн­нен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де оны көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты өзек­тен­ді­ре­ді және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жі­бе­ре­ді.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 395 бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 14-қосымша «Өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­ға ти­е­сі­лі­гін рас­тай­тын ақ­па­рат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың ЖАО 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сі­лі «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі пор­тал­ға жі­бер­ген күн­нен ба­стап – 15 ми­нут 4 Көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­ға ти­е­сі­лі­гін (ти­е­сі­лі еме­сті­гін) рас­тай­тын ақ­па­рат 6 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі және оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Жұ­мыс кесте­сі Пор­тал­да­ғы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы 8 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Жоқ 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Өті­ніш бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Элек­трон­дық үкі­мет» пор­та­лын­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті­нен» алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші осы Қа­ғи­да­ның бе­кі­ті­л­ген неме­се өзгер­ті­л­ген күн­нен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні ішін­де оны көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты өзек­тен­ді­ре­ді және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жі­бе­ре­ді.