О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 320 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсыну оны «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындау кезінде талап етілмейді. Учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауды қарау үшін негіз болып табылады. Учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күн проактивті көрсетілетін қызмет арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.»; 7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған «портал» арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді: 1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы; 2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы; 3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы. Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі. Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін әлеуетті алушыларды айқындау адамның (отбасының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша анықталған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады. Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі тіркелген болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабар арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.»; 12-тармақтың 2) тармақшасында: бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Орталық бір жұмыс күні ішінде: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. «Портал» арқылы не проактивті форматта келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;»; бесінші абзац алып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 ақпандағы № 53 Бұйрыққа қосымша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларына 12 қосымша «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың ЖАО 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі Кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі, ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы, «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – «пор­тал»), ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі Ор­та­лық­қа жү­гін­ген кез­де – Ор­та­лық құ­жат­тар топ­та­ма­сын тір­ке­ген күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де – адам­ның (от­ба­сы­ның) адам­ның (от­ба­сы­ның) ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ы­на тек­се­ру жүр­гізу­ге ке­лі­сі­мін ал­ған күн­нен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­міне құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға неме­се ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ре­сім­де­ген жағ­дай­да құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі өті­ніш бе­ру­ші­ге жа­з­ба­ша ха­бар­ла­ма жі­бе­ре оты­рып, күн­тіз­бе­лік 30 (отыз) күн­ге дей­ін ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға және (неме­се) ұй­ым­дар­ға сұ­рау са­лу ке­ліп түс­кен күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұзар­ты­ла­ды 2) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 3) Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут 4 Көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де/про­ак­тив­ті 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту нәти­же­сі Ор­та­лық неме­се әкім ар­қы­лы қа­ғаз тү­рін­де, сон­дай-ақ ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рін­де­гі або­нент­тік нө­мір­ге ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы, ал бас тар­ты­л­ған жағ­дай­да оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, ха­бар­дар ету. Қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы көр­сет­кен жағ­дай­да – та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма, ал бас тар­тқан жағ­дай­да – оның се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» уәкі­лет­ті ор­ган­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да олар­ды өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) Ор­та­лық­та – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес са­ғат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дей­ін; 2) кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мін­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін. Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру – са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек­ті­лік тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді. 3) «пор­тал­да» – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту ор­та­лы­ғы­на Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті ал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай: 1) өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, оның ішін­де цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін); 2) қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 3) бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 4) ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 5) аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 6) от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы; 7) жәр­де­ма­қы­лар­ды бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­лер ту­ра­лы; 8) мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; 9) ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; 10) қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; 11) ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; 12) неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (неке­ні бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы; 13) егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; 14) та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); 15) да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы; 16) өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 17) же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тың бо­луы ту­ра­лы; 18) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са); 19) жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; 20) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан али­мент ту­ра­лы және (неме­се) ол бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; 21) өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; 22) мен­ші­гін­де тұр­ғын үй, үй-жай­дың бо­луы ту­ра­лы; 23) мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы; 24) мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер алу үшін «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­ріне (бұ­дан әрі - ақ­па­рат­тық жүй­е­лер) сұ­рау са­лу­ды қа­лып­та­сты­ра­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған жағ­дай­да әкім неме­се Ор­та­лық ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ға және (неме­се) ұй­ым­ға жа­з­ба­ша сұ­рау са­лу­ды ре­сім­дей­ді. Өті­ніш бе­ру­ші жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те ұсы­ну­ға құқы­лы. Өті­ніш бер­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін өті­ніш бе­ру­ші­ге Ор­та­лық­та, кент, ауыл, ауыл­дық округ әкі­мі - тір­кеу кү­ні және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу кү­ні, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гі мен аты-жө­ні көр­се­ті­л­ген өті­ніш­тің үз­бе­лі та­ло­ны бе­рі­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Пор­тал­ға: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық үкі­мет пор­та­лы ар­қы­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш; көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мен оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­да­стың мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік­тің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам­ның мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; жәр­де­ма­қы бе­ру жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ұй­ым­да­ғы банк­тік де­ректе­ме­ле­рі ту­ра­лы; мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла­ның (бар­лық ба­ла­лар­ға) ту­уын (қай­тыс бо­луын) тір­кеу ту­ра­лы; қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы; ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы; неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) одан тыс жер­лер­де тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке қи­ю­ды (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу ту­ра­лы; егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са – оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы; та­быст­ар ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар), да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы әле­умет­тік кө­мек, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, ең­бек қыз­ме­ті (бар бол­са) ту­ра­лы; жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы; али­мент­тер және (неме­се) олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар ту­ра­лы ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы үш ай қа­та­ры­нан олар бой­ын­ша бе­ре­шек­тің бо­луы ту­ра­лы; өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру неме­се мәж­бүр­леп ем­деу орын­да­рын­да бо­луы ту­ра­лы; мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар­ды цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ныс або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды. Про­ак­тив­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ген кез­де: мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның про­ак­тив­ті қыз­мет көр­се­ту­ге ке­лі­сі­мі, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы банк шо­ты­ның нө­мі­рін рас­тау неме­се ұсы­ну. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, қан­дас мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, бо­сқын мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, ше­тел­дік мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, аза­мат­тығы жоқ адам мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне тұ­рақ­ты неме­се уа­қыт­ша тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу ту­ра­лы, мү­ге­дек­тікті бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла­ның ту­уын (қай­тыс бо­луын) (бар­лық ба­ла­лар­ға) тір­кеу ту­ра­лы, қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық) бел­гі­леу ту­ра­лы, ба­ла асы­рап алу ту­ра­лы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­де неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) тір­кеу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, неке­ні (ер­лі-зай­ып­ты­лық­ты) қи­ю­ды (бұ­зу­ды) тір­кеу ту­ра­лы, егер он се­гіз жастан жиыр­ма үш жас­қа дей­ін­гі асы­ра­уын­да­ғы­лар күн­діз­гі оқу ны­са­ны­ның бі­лім алушы­ла­ры бо­лып та­был­са - оқу ор­нын­да оқу фак­ті­сі ту­ра­лы, та­быс ту­ра­лы (жа­ла­қы, әле­умет­тік тө­лем­дер, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен түс­кен та­быст­ар, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті жал­ға бе­ру­ден, жы­л­жы­май­тын және (неме­се) жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ті са­ту­дан түс­кен та­быст­ар); да­ра кә­сіп­кер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы, өті­ніш бе­ру­ші­де және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін­де ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау, тө­леу неме­се оны та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш бе­ру фак­ті­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы (бар бол­са), жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су­дің бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­ла­тын от­ба­сы­ның ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­ле­рі үшін бі­лі­мі, бі­лік­ті­лі­гі, ар­найы бі­лі­мі­нің неме­се кә­сіп­тік да­яр­лы­ғы­ның (бар бол­са) бо­луы ту­ра­лы, ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға өті­ніш біл­дір­ген тоқ­сан­ның ал­дын­да­ғы қа­та­ры­нан үш ай ішін­де али­мент және (неме­се) олар бой­ын­ша бе­ре­ше­гі­нің бо­луы ту­ра­лы, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­рын­да бо­луы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рін мәж­бүр­леп ем­деу ту­ра­лы, мен­ші­гін­де тұр­ғын үй­дің, үй-жай­лар­дың бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де же­ке тұр­ғын үй құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған жер учас­ке­сі­нің бо­луы ту­ра­лы, мен­ші­гін­де ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, элек­трон­дық өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген банк шо­ты­ның нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен пор­тал ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар жі­бе­ру ар­қы­лы пай­да­ла­ну­шы­ның пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да ала­ды. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші: 1) та­бысы аз адам­дар бо­лып та­был­май­тын адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға); 2) «Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 17 шіл­де­де­гі № 246 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 2-ба­бы­ның 6-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген, жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ең­бек­ке қа­бі­лет­ті мү­ше­сі жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан от­ба­сы­на – жұ­мыспен қам­ту­ға жәр­дем­де­су ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су­дан бас тар­тқан күн­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 3) бұ­рын жа­сал­ған әле­умет­тік ке­лі­сім­шарт бұ­зы­л­ған және (неме­се) әле­умет­тік ке­лі­сім­шар­тта көз­дел­ген мін­дет­те­ме­лер алушы­ның кінә­сі­нен орын­дал­ма­ған жағ­дай­да адам­ға (от­ба­сы­на) – ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­да­у­ға жү­гі­нер ал­дын­да­ғы ал­ты ай ішін­де; 4) ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек та­ғай­ын­дау үшін кө­рі­неу жал­ған ақ­па­рат және (неме­се) дәй­ек­сіз құ­жат­тар ұсын­ған адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) - ұсын­ған кү­ні­нен ба­стап ал­ты ай ішін­де; 5) учас­ке­лік ко­мис­си­я­ның ма­те­ри­ал­дық жағ­дай­ын тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша дай­ын­дал­ған қо­ры­тындыс­ы­на сәй­кес ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту­ге мұқ­таж емес адам­дар­ға (от­ба­сы­лар­ға) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да ұсы­ну ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лік­тің www.​enbek.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Өті­ніш бе­ру­ші қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала ала­ды. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да, жәр­де­ма­қы та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.