О признании утратившим силу приказа Министра юстиции Республики Казахстан от 5 февраля 2015 года № 69 «Об утверждении натуральных норм обеспечения государственных судебных исполнителей форменной одеждой (без погон)» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 бұйрығының күші жойылды деп тану
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10282 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі